Қадірлі ағайындар, мына сілтеме 29.05.2020 ж. еліміздің бас газеті Егемен Қазақстанға шыққан, Қызылқоғаның тумасы, белгілі журналист, жазушы, теледокументалист, теле жүгізуші Қосшиев Назарбектің «Ғұмыры келте Ғаділше» деген, тарихи-танымдық, зерттеу мақаласы. (Назарбек Тоғызбай-Базар ұрпағы, өзі осы топта бар). Бұрын-соңды екінің бірі білмейтін, осы Қызылқоға өңірінің тумасы, Қамыстыкөл мектебінің (қазіргі Ғ.Сланов ат.мектеп) негізін салған, ағартушы Науанов Аяпбергеннің баласы Ғаділше туралы деректі зерттеу мақаласы. Бұл терихи зерттеу мақала Қызылқоға ауданының өлкетану тарихына қосылған үлкен еңбек екені даусыз. Аяпберген де, баласы Ғаділшеде саяси қуғын-сүргін құрбандары, жазықсыз жапа шеккендер. Бірақ өлке тарихына алтын әріппен жазылатын тұлғалар. Назарбектғң өлке тарихына қатысты мақалалары мен кітаптары бұрыннан да аудан оқырмандарына таныс екенін білеміз. Назарбек ініме шығармашылық табыс тілеймін.
Марат Жұмағұлов, тарихшы-өлкетанушы