РУХАНИЯТ

ПАРАСАТТЫ ҒАЛЫМ, ТАЛМАС ЕҢБЕКҚОР
ПАРАСАТТЫ  ҒАЛЫМ, ТАЛМАС  ЕҢБЕКҚОР

Әли Әжімұлын мен сонау 1986 жылы Атырау ұстаздық институтындағы КОКП тарихы және саяси экономия кафедрасында ғылыми-оқытушылық еңбек жолын алғаш бастаған тұста кездестіріп, оның жақсы болашағының болатынына қалтқысыз сенгенмін. Себебі, жас оқытушы кезінен-ақ ол өзін берік білімі мен білігі бар жан екендігін бірден танытты. Екеуара әңгімемізде, кафедрадағы мәжілістерде оның ғылыми диапазонының кең ауқымдылығы бар қырынан көрініп тұратын еді. Мұндай пікірді Әлидің кафедрадағы әріптесі әрі осы қызметтегі бірінші ұстазы болған Ерен Ізбасов  ағамыздан да естіп, шын қуанатынбыз. Сол кезде жас болса да біраз тәжірибе жинақтап қалған әріптесі, кейін экономика ғылымдарының докторы болған, Ақтөбедегі бір институтты басқарған Нұрышев Ғалымжан ініміз де оған жақсы баға беретін. Ал, кафедра меңгерушісі, білікті тарихшы-ғалым Сүйеу Тілепов ағамыздың қояр бағасы тіптен жоғары болатын. Оқытушы еңбегін дұрыс бағалайтынның көбісі оның дәрісін тыңдайтын студенттер екені белгілі ғой: мен де Әлидің жоғары курстардағы шәкірттерінің жылы лебізін естіп, марқайып жүрдім, реті келгенде оның өзіне де айтып, осы бағыттан таймауына тілектестік білдірдім. Ол көп ұзамай аға оқытушылық деңгейіне жетті.

ЕКЕУІН ТАНЫСТЫРҒАН СПОРТ БОЛҒАН...
ЕКЕУІН ТАНЫСТЫРҒАН СПОРТ БОЛҒАН...
   Баспасөз тарихын зерттеп жүрген тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы профессор Хисмет Бозанұлы Табылдиевтің жазған мақалаларын арнайы жинап, ара-тұра баспасөз беттерінде жариялап жүрді. "Желаяқжас тілші" деген мақаласынан Хисекеңнің «Мектеп оқушыларының облыстық III спартакиадасы» деген тырнақалды жарияламасын көріп қалдым. Бұл жариялама «Социалистік құрылыс» газетінің 1956 жылғы 18 шілдесінде шығыпты.
ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК
ЖЕМІСТІ ЕҢБЕК

   «Адамның бір бақыты достарынан» дейді ғой... Досымның марапаты өнертану саласында, ішінара, отандық музыкатану ғылымын бір марқайтып тастады.

   «Туған жерге туыңды тік» деген қанатты сөзді ұстанған музыкатанушы әріптесім Бақыт Жолдыбайқызы Тұрмағамбетова, Алматыдан туған жеріне қоныс аударып, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұстаздық қызметімен қатар, ғылым саласына елеулі үлес қосып келеді. Былтыр «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасының аясында басылып шыққан «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының 1 томына «Батыс Қазақстан әндері» тарауын құрастырушы ретінде атсалысқан болса, жуырда Атырау облысының Жылыой ауданының құрылғанына 90 жыл толуына арнап, аудан әкімшілігінің қолдауымен «Ән қайнары – Кең Жылыой. Songs of Zhylyoi» атты қазақ-ағылшын тілдерінде еңбегі жарық көрді.

ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС,-ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ
ҰСТАЗДЫҚ ҰЛЫҚ ЕМЕС,-ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

   Жалпы, өнер дегеніміз – адамзатты жарқын болашаққа шақырған арман, өмір құбылыстарын шынайы түсінуге жетелейтін ой-толғаныстардың қайнар бұлағы. Өмірдің гүлі де, заманның шежіресін шертетін тілі де – өнер. Оразбай Фазылұлының өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде Атырау облысы ұстаздарына кеңінен таныс еді. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Оразбай Фазылұлының қатардағы ұстаздан  Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде оқытушы, музыка факультеті деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, «Музыка және өнер» кафедрасының доценті деңгейіне көтерді.

ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ
ҰСТАЗ – ҰЛЫ ЕСІМ

   Нариман Сиражев Алматы Ұлттық консерваториясын бітіріп, 1960 жылы жолдамамен Гурьев музыка училищесіне жұмысқа орналасқаннан бастап жастарға Атырау жерінде қобыз аспабынан дәріс берген алғашқы ұстаздардың бірі. «ҚР білім беру ісінің үздігі», доцент Нариман Сиражев қобыз-прима аспабы бойынша 1978 жылы «ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер» Раушан Нұрпейісовамен бірлесіп жасақтаған ҚР жоғарғы және арнаулы орта білім министрлігі бекіткен Типтік оқу бағдарламасының авторы. Бұл бағдарлама күні бүгінге дейін қолданыста. Соңғы білім беру стандартының талаптарына сай «Мамандық» және «Қобызда ойнауды оқыту әдістемесі» пәндеріне жұмыс оқу бағдарламасын жасақтап, толықтырулар енгізді.

БІЛІКТІ МАМАН, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ӘДІСКЕР
БІЛІКТІ МАМАН, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, ӘДІСКЕР

   Жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, оларды білімді маман етіп тәрбиелеуде ұстаздың алатын орны зор. Сондай ұстаздың бірі Сәтім Сухашұлы Әжікен.

   Сәтім Сухашұлы, 1948-жылы Атырау облысы, балықшы ауылында дүниеге келген. 1963-жылы мектеп бітіргеннен кейін өнерлі жасөспірім армандаған  баян мамандығы бойынша музыка училищесіне түсіп, 1967-жылы (А.Т.Ивакиннің класынан) бітіреді. Училищеде оқыған кезінде талантымен, тиянақтылығымен көзге түскен Сәтім Сухашұлы оқу орнын бітіргеннен кейін осы мекемеде оқытушылық жұмысқа қалдырылады. Ұстаздық еңбек жолын өзі білім алған музыка училищесінде бастаған Сәтім Сухашұлы адал еңбек етіп, талай жетістіктерге жетіп, биіктіктерден көріне білді.
КҮЙ ҚАҒАНЫНАН ТӘЛІМ
КҮЙ ҚАҒАНЫНАН ТӘЛІМ

«Музыка және өнер» кафедрасына – 40 жыл

Биыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Музыка және өнер» кафедрасына 40 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында бұл оқу орнында талай талантты ұстаздар еңбек етті, тер төкті. Олардың талай дарынды шәкірттері өнер мен білімнің қара шаңырағынан түлеп ұшты.

   Мәселен, биыл сексен жасын тойлап отырған композитор Илья Жақанов ағамыздың жас ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесінің өзі бөлек әңгіме. Бұл «Музыка және өнер» кафедрасының студенттеріне Қазақстан Республикасының халық артисі Қ.Ахмедияров та бірнеше жыл бойы шеберлік сағаттарын беріп келді.

   Осы өнер шаңырағында ұзтаздық қызмет еткен белгілі тұлғалардың бірі профессор Рысбай Ғабдиев еді.
ДАЛА САЗЫНЫҢ АКАДЕМИГІ
ДАЛА САЗЫНЫҢ АКАДЕМИГІ

   Қазақстанның «Парасат» (2004), Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері (2004) композитор, публицист, өнер зерттеуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (1994) ЖАҚАНОВ Илья Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай ауылында 6 мамыр 1936 туған.

ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС...

   РЫСҚАЛИЕВА Гүлнәр Түсіпқалиқызы, өмірдің айтулы белесі – 60 жасқа толып отыр. Гүлнәр Түсіпқалиқызы өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде Атырау облысы ұстаздарына кеңінен таныс. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Гүлнәр Түсіпқалиқызын қатардағы ұстаздан Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Музыка және өнер» кафедрасының доценті деңгейіне көтерді.

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР БАҒБАНЫ
ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР БАҒБАНЫ

   Бүгінгі жаңарған қоғамға өз бетінше дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, өзекті мәселелерді көре алатын және шығармашылық тұрғыда педагогикалық шеберліктерді пайдалана отырып, кәсіби міндеттерді оңтайлы шеше алатын жаңа тұрпатты педагог қажет.

   Тәуелсіз жаңа Қазақстанның заман талабына сай, жоғары оқу орынында музыкалық білім беруде, музыка мамандарын даярлауға салмақты үлес қосып жүрген білікті мамандардың бірі - Тамара Мұқанқызы Суингарина.