Танымал иллюстратор Аңсаған Мұстафаны білмейтін адам кемде-кем. Тың мәселелерді қозғайтын қыл қалам шеберінің өзекті тақырыптарға арналған туындылары адамға ой салмай қоймайды. Қоғамдағы ащы шындықты қарапайым тушьпен жеткізе білген дарын иесінің суреттері қала ішінде банерлерге ілініп, көрмелер ұйымдастырылып, шет тілдеріне аударылып, дүние жүзіне тарауда.