Жазушы Мақсот Ізімовтың: "ТАБЫТҚА СЫЙМАҒАН ТАҒДЫР немесе «Дюма» деп жүргендері Пушкин бе екен ?!. Дерек пен дәйек" деп аталатын шығармасынан үзінділер жалғасы.
Иә, Пушкин мен Дюма түйдей құрдас болмағанымен, жас жағынан шамалас еді: орыстың Александры – 1799 жылы, француздың Александры 1802 жылы дүниеге келген. Ал,олардың портреттеріне зер сала қарағанда, бір анадан туғандай әлдебір жақындық, егіздің сыңарындай ұқсастық барын алға тартады авторлар: екеуінің де өң-әлпеттері қараторы, аспан көзді, қыр мұрынды, керме қабақты, қаракүл қозы терісін қаптап қойғандай бұйра-бұйра шаш қойысы мен бас қондырысы да аумайды.Әсіресе, Дюма жас кезіндегі суреттерін Пушкиннің көз үйренген бейнесінен ажыратып алу қиын.