Қазақстанның білім беру жүйесінде «Білім-инновация» лицейінің орны ерекше. Жүздеген қазақ балалары осы оқу орнын бітіріп, әлемдегі шоқтығы биік оқу орындарына оқуға түсуде. Атырауда да аталған оқу ордасы көптен бері жұмыс істеп келеді. Жетістігі де аз емес. Небір олимпиада жеңімпаздары мен «Алтын белгі» иелері осы лицейден шыққан. Білім ошағы жайлы оқырмандарға таныстыру мақсатында лицей директоры Исмаил Эльманы әңгімеге тартқан болатынбыз.
1987-ші жылдың қыс айларының бірі еді. Таңертеңгі сағат онға таман асығып-үсігіп университетке жеттім. Ол кезде қазіргі біздің Атырау Мемлекеттік Университеті «Гурьев пединституті» деп аталатын. Төрт-бес айдан бері «КПСС тарихынан» дәріс беремін.. Кафедрада отырған әріптестеріме басымды изеп амандастым да, сыртқы киімімді киім ілгішке іліп болғасын орындықтардың біріне отыра кеттім. Ішке кірген бойда қағаздарын қарап столда бүкшиіп отырған Баяндиев Дәржан ағайға көзім түскен болатын. «Ағайдың бүгін сабағы бар ма еді, менің сабағыма қатысу үшін келіп отырған жоқ па екен?» деген ой сап ете қалды басыма. Олай ойлайтын себебім де бар. Ол кезде әрбір жас оқытушыға осы пединститутта көптен бері қызмет істеп келе жатырған аға оқытушылардың бірін тәлімгер ұстаз етіп бекітетін. Сол тәлімгер ұстаздар анда-санда өзіне бекітілген жас оқытушылардың сабағына қатысып, кейін сол сабақты секция отырысында талқылап отыратын еді. Дәржан Баяндиев ағай менің тәлімгер ұстазым болып табылатын.
Досмуханова Әлия Сиғуатқызы - «Инстаграм» әлеміндегі оқырманға жақсы таныс есім. Қазіргі тілмен айтқанда, белсенді «блоггер». Қаршадайынан анасынан айырылған қайсар қыз тағдырдың небір сынына төтеп беріп келеді. Айналасына мейірімін төгіп, сұрағанға көмегін аямайтын абзал жанның әлеуметтік желідегі позитивке толы жазбалары оқырмандардың көңілінен шығуда. Әлия Сиғуатқызына барлық жақсылықтарды тілей отырып, әке туралы жүрекжарды жазбасын оқырман назарына ұсынамыз.