ЖАҚСЫНЫ КӨРГЕН-КӨРЕГЕН, ТАНЫҒАНЫ-ТАҒЛЫМ

ЖАҚСЫНЫ КӨРГЕН-КӨРЕГЕН, ТАНЫҒАНЫ-ТАҒЛЫМ

«Биік мансап-биік жартас, екпіндеп ұшып қыран да шығады, өрмелеп-жорғалап жылан да шығады» деген философиялық тәмсіл әркез жадымыздан шықпайды.  Киікбай інімнін өнегелі өмір жолына үнілгенде сол афоризмді еріксіз қайталайсын. Ол биік мансапқа, ғылым докторлығы дәрежесіне қырандай шарықтап жетті. Елу бес жасқа келгенде осындай биікке әбден пісіп-толысып жетуі заңды: ерте де емес, кеш те емес, дер шағы.

Киікбай Мыңбайұлы 1965 жылдың жаймашуақ сәуір айында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының «Сағыз» атты кеңшарында дүниеге келді. 1982 жылы ауылдың орта мектебін үздік тәмамдаған соң, жалынды жас сол кездегі еңбекке жұмылған патриоттардың үндеуіне қосылып, ауданда құрылған «Жас дәурен» атты комсомол-жастар бригадасында шопан боп еңбекке араласты. Бір жыл бойына қайнаған еңбек ортасында болған жас жігіт жоғары оқу орнында оқып білім алуға талпыныс жасап, 1983 жылы Гурьев мемлекеттік педагагика институтының тарих-филология факультетіне оқуға түсті. 1984-1986 жылдары Отан алдындағы әскери борышын  өтеді. 

Киікбайдың студенттік жылдары жалындаған жігер-қайратқа толы жылдар еді. Ол қоғамдық жұмысқа белсене араласты. Студенттер кеңесінің төрағасы боп сайланды, сонымен қатар, каникул кездерінде студенттердің құрылыс отрядына басшылық жасады. Осындай белсенділігінің, парасаттылығының, тындырымдылығының, үздік оқуының арқасында институт партия комитеті оны студент кезінде-ақ партия қатарына қабылдады.

Киікбай Мыңбайұлының институттағы атқарған қоғамдық жұмыстары мен ізденімпаздығы, ғылымға ұмтылысы оның сүйікті ұстаздары-тарих  ғылымдарының докторлары, профессорлар Ж.Ақылбаев, З.Алдамжаров,                      А.Иманғалиев, К.Сейталиев, Ү.Қыдыралин, тарих ғылымдарының кандидаттары, профессорлар Ж.Бақи, Ғ.Нығметов, И.Камешев, Қ.Қайырбекова, Г.Қаленовалардың ұлағаты мен тәрбиесі, сондай-ақ институт қабырғасында тәлім-тәрбие кеңес берген ұстаздары профессор Қадыр Жүсіп, Рахымжан Шәкібалиев, жақсы көретін апасы Ажар Ғайсина, сияқты ағайлары мен апайлары ақыл кеңестерін берген болатын. Олар шәкіртінің бойындағы дарынды танып  бағалады, үлкен үміт артты, соған жетеледі.

IMG-20200601-WA0030

Профессор-оқытушылар мен студенттер алдында беделге ие болған Киікбай Мыңбайұлын институт педагогика ұжымы және партия комитеті Гурьев қалалық Советінің депутаттығына ұсынып, сол кездегі қалалық партия комитетінің иделогия хатшысымен баламалы түрде сайлауға қатысты. Дода да студент жастардың ортасынан шыққан, тұңғыш студент жеңіске жетіп, қалалық кеңес депуттатығына сайланды.

Бұл кез елімізде демократия мен ашықтық белең алған кезең еді. Депутат кезінде оның қала бойынша атқарған жұмысы қыруар. Оған қала жастары мен жасөспірімдеріне білім мен тәрбие беру мәселесіне бақылау мен ықпал жасау жүктелді. Ол бұл жұмысты табанды түрде, парасаттылықпен атқарды.

Атырау қалалық кеңесінің депутаттығына бұдан кейін де бірнеше дүркін сайланып, барлығында да жастар ісі, ұлт, мәдениет, халыққа білім беру және тарихи мұра жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.

1990 жылы Атырау педагогия институтын өте жақсы тәмамдаған жас педагогті институт ректораты КПСС тарихы және саяси-экономия кафедрасына, тарих-филология факультетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасына жұмысқа қалдырды. Институтта оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі, декан, проректор лауазымдарын атқарып, жұмыстың барлық сатыларынан өтті. Іскер де қарапайым, ізденгіш   жан абырой биігінен табылды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде жұмыс істей жүріп, 1994 жылы ҚР Ғылым академиясының «Тарих,этнология және археология» институтының ізденушісі болып бекітіліп, 1997 жылы инстиут директоры, Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Манаш Қозыбаевтың ғылыми жетекшілігімен «Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын ұжымдастыру және 1932-33 жылдардағы ашаршылық» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты. Осы кезеңде еліміздегі тарих және заң ғылымының дамуына мол үлес қосқан ғалымдар ҰҒА академик С. Зиманов, К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев сынды ағаларынан үйренгені мен көргені жетерлік. 1998 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен доцент ғылыми атағы берілді.

  IMG-20200601-WA0033

1999 жылы Халықаралық құқық және нарық академиясы Атырау филиалының директоры болып жұмыс жасады. Қ.Жаулиннің ғылыми-педагогикалық қызметі негізінен алғанда жоғары білімнен кейін кәсіптік дағдыларды игеруге дайындау жұмыстарымен тікелей байланысты 120-ға тарта мақалалары, 4 монографиялық еңбегі және 2 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді. Ол өзі жұмыс істеген оқу орындарында институт аралық ғылыми-методикалық, республикалық конференциялардың, мұнай-газ саласының кәсіби мерекелеріне орай оқытушылар мен студенттер арасындағы ғылыми- тәжірибелік конференциялардың талапқа сай ұйымдастырылуына, олардың нәтижелі өтуіне үлкен үлес қосып отырды. Студенттердің ғылыми, шығармашылық мақаларының мерзімі басылым беттеріне жүйелі түрде шығуына атсалысты. Атырау мұнай және газ институтында магистратура, аспирантура арқылы ғылыми жұмыспен айналысатын мамандарды дайындауда, олардың біліктілігін арттырыып, қайта дайындау жұмыстарының жүзеге асырылуына септігін тигізді. Киікбай Мыңбайұлы өз білімін ғылыми жағынан жетілдіре отырып, студенттерге курстық және дипломдық жұмыстар бойынша оқулар жүргізіп, білікті мамандар даярлауда зор еңбек сіңіріп келеді.

Еңбектен қол үзбей жүріп, Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмамдады. 1999-2003 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті заң факультетінің тұңғыш деканы болып, оқу тәрбие жұмыстарын, өте жоғары деңгейде ұйымдастырған азамат. Декандық қызметті жоғары деңгейде атқарғаннан кейін, сол кездегі ректор, профессор Асхат Иманғалиев Киікбай Мыңбайұлының жұмысына риза болып, «Экономикалық болжамдау және менеджмент» ісі жөніндегі проректор лауазымына ұсынады. Киікбай         Мыңбайұлы ол қызметінде абыройлы белсенді түрде атқарады. Халел Досмұхамедов университетіне еңбегі сіңген, азамат ғалымдарының бірі.

2003 жылдың желтоқсан айынан бастап, Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры болып туған өлкесіне жұмысқа ауысты. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкімет қаулысымен аталмыш университет екі жоғары оқу орнына бөлінуіне байланысты жас кадрлардың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы лауазымына тағайындалды.

IMG-20200601-WA0031

2005 жылдың тамыз айынан Атырау мұнай және газ институтына өндірістік жұмыстары жөніндегі проректоры болып тағайындалды.  Өзінің сұранысы   бойынша    2006 жылдан бастап доктырлық диссертациясын ізденуші ретінде аяқтау үшін гуманитарлық пәндер кафедрасының прфессорлығына ауысады.

Киікбай Мыңбайұлы көп жылдан бері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогика университеті саясаттану ғылымы саласында «Саяси жаңарту-Қазақстан Республикасының тұрақты дамуының кепілі: саяси талдау» деген тақарыпта докторлық диссертация қорғау жолында ізденіс жасап, 55 ғылыми мақалаларын жариялап, 4 монография шығарды. «Қазақстан Республикасында саяси жаңартудың теориясы және тәжірибелік аспектілері» деген тақырыпта 2008 жылы ірі монографиясы жарық көрді. Сол ғылыми жарияланымдарының негізінде 2009 жылы ақпан айында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы саяси ғылым бойынша докторлық диссертациялық кеңесінде өзінің аталмыш докторлық диссертациясын саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Молдағалиұлы Борбасовтың кеңесшілігімен ойдағыдай қорғап шықты.

Докторлық диссертацияны жетекші ұйым Қазақстан Республикасы философия және саясаттану институты, ресми опоненттер саяси ғылымдарының докторлары, профессорлар Г.И.Иренов, Е.К.Алияров, А.И.Шалтықов жоғары бағалап, диссертацияның ғылыми мәнділігін атап көрсетті.

IMG-20200601-WA0035

Киікбай Мыңбайұлы осылайша Батыс Қазақстан өлкесі бойыша саясаттану ғылымындағы тұңғыш ғылым докторы атанды. Бұл өлкенің ғылыми көрсеткішіне қосылған үлкен үлес деп бағаланды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылы 11 сәуірдегі шешімімен  саясаттану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі атағы мамыр айында, 2019 жылы берілді.

К.Жаулин 30 жылдың ішінде ұстаздықпен ғылыми ізденіс, мемлекеттік қызметін және тапсырылған қоғамдық саяси жұмыстарды ерекше жауапкершілікпен атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» мақаласы аясында, республика көлемінде тұңғыш рет Халықаралық экспедиция ұйымдастырылды. Осы экспедицияны Атырау облысынан бастап, Батыс-Қазақстан, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қамтып Өзбекстан республикасында жалғасын тауып аяқталды. Осы экспедицияда Киікбай жолдас үлкен еңбек етті. Өткен ұмытылып қалған ата-бабаларымыз туралы, бұрын шықпаған жане ескерусіз қалған тарихи кесенелерді жандандырып қалпына келтіру үшін саяси, қоғами мақалаларды жарыққа шығарды.

Білім беру мен ғылым саласындағы еңбегі мен жетістігі үшін «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының дамуына қосқан үлесі үшін»,  жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгілеріне, аймақтағы ғылымның, мұнай-газ саласының дамуына, білімді де білікті мамандардың дайындалуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған, Қазақстан мұнайына 100 жыл, Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Атырау облысы мәслихатына 25 жыл», «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалдарімен, Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қазақсан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің «Атырау облысында мемлекеттік қызметте атқарған жақсы қызметі үшін», жоғарғы білім берудегі жетістіктері және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Атырау, Маңғыстау облыстар әкімдерінің, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

  IMG-20200601-WA0034

«Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі, мықты ұйымдастырушы. Егемен еліміздің өміріндегі демократиялық жаңарулардың ойдағыдай іске асырылуына қосқан өзіндік үлесі үшін "Нұр Отан ХДП-сының, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың қолымен «Нұр Отанның» ел арасындағы абырой-беделін арттырып, насихат жұмыстарын жүйелі жүргізуде белсенділік танытқаны үшін және Астанамыздың 20 жылдық мерейтойына орай Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының қоғамдық саяси жұмыстарына белсенді араласқаны үшін «Жыл Үздігі – 2017 «Үздік партия белсендісі» атанды. Еліміздің саяси өміріндегі реформалардың жүзеге асырылуына, облыстағы қоғамдық саяси маңызы бар шаралрға белсене атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатына ие болды.

Бүгінгі таңда адам өмір жолының биіктіктерінен қоғам қайраткері ретінде таниды. Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде Қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас. Бұл жылдары қоғамдық және жемісті еңбегінің нағыз кемеліне келген кезеңі болып, туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларын тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қабілетін көрсетіп келеді. Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектерін еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар.

Осындай білім мен ғылым саласындағы, қоғамдық өмірдегі жетістіктері, жоғары ұйымдастырушылық қабілеті облыс басшылығы тарапынан ескеріліп, Атырау облысы Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Атырау қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облыстық  білім беру басқармасының бастығы, Х.Досмұханбетұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, Маңғыстау облысы «Кәсіподақтар орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы лауазымдарына тағайындалып, үлкен қызметтерді атқаруда. Сонымен қатар Маңғыстау облысы әкімі жанындағы Қоғамдық Кеңесінің мүшесі.

IMG-20200601-WA0037

Бұл кезеңде тұрақтылықтың, ұлтаралық және конфессияаралық келісімдердің сақталуына және конституциялық реформалардың өз деңгейінде жүргізілуіне, білім беру саласының өркендеуіне  белсене атсалысты. Киікбай Жаулин қай салада да, қай ұжымда да жаңа талапқа сай қоғамдық және мемлекеттік жұмыс жасай алатындығын, іскер басшы, шебер ұйымдастырушы екенін көрсеткен, жақсылық пен қиыншылықты қатар көре жүріп, өзінің ақ адал еңбегімен биікке жеткен азамат.

Киікбай – ұлтжанды отаншыл азамат. Гурьев қаласын Атырау қаласына өзгерту жөніндегі комиссиясының тең төрағасы ретінде депутаттардың ортасында идеологиялық жұмыстарды жүргізіп көпшілік дауыспен жеңіске жетті. Қалалық кеңесінде және мәслихат сессияларында қазақ тілінде сөйлеп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысқан үлкен тұлға.

Зайыбы, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің доценті Жаулина Анар Нұрғожақызы екеуі төрт бала және екі немере тәрбиелеп отырған өнегелі отбасы иесі.

Саяси ғылымдарының докторы, профессор, Тарих және Қоғамдық Ғылымдар Академиясының академигі Киікбай Мыңбайұлы Жаулин қазіргі таңда Маңғыстау облысында Кәсіподақ орталығында қызметін атқаруда.

 

 

 

 

Нұрлыбек Жұмахметұлы Ожаев

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы

Төрағасының бірінші орынбасары, Құрмет орденнің иегері,

Махамбет ауданының Құрметті азаматы.

Теги АГУ70 сайттайсойган тайсойғансайты