ЖҮЗІНЕН НҰР ТӨГІЛГЕН АЗАМАТ ЕДІ

ЖҮЗІНЕН НҰР ТӨГІЛГЕН АЗАМАТ ЕДІ

 Өмірі өнегеге толы, мақтау мен мадактауға тұрарлык жандардың бірі, өлкөміздің ақиық азаматы, ғалым-физик, 37 жыпдан астам ғұмырын Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кабырғасында жемісті еңбек еткен профессор. ұлағатты ұстаз Хайреден Сүңғатұлы бүгін де арамызда болмағанмен, оның өмір жолы, ғылыми-шығармашылық еңбегі-кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

   Хайреденді сонау студенттік кезеңнен жақсы білемін. I курста оған –«Жалпы психология» курсынан дәріс оқыдым. Сол кездің өзінде физика-математика факультетінің I курс студенттерінің ішінде ғылымға құштарлығымен, сабаққа зеректігімен ерекшеленді. Тек ғана психологиядан емес, барлық пәндерден өте жақсы оқыды. Әсіресе, ол тек ғана психологиядан бағдарламалық материалдармен шекіеліп қоймай, қосымша психологтардың монографиялық, ғылыми еңбектерін оқып, әсіресе, П.И.Платоновтың –«Қызықты психология», «Ғалам ғажайыптары», -«Танғажайып адамдардың өмірі» сериясымен шығатын кітаптарды жаздырып алып оқып, менен сан рет кеңес алғаны әлі есімде. Сол жылдары университет басшылығы Хайреденді оқудағы үздік табыстары мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін Лениндік стипендияға ұсынған-ды. Хайреденмен бірден-бір жақынырақ таныс болғаным жатакханада жанұямыз бір секцияда көрші тұрдық. Анасымен, туған-туысқандарымен. жақынырақ таныстық. Анасы-өте қарапайым, мәдениетті, қонақжай, Құрманғазы ауданының құрметті азаматшалардың бірі еді.

Хайреден 1967-1971 жылдар аралығында Гурьев педагогика институтының жалпы физика кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек жолын бастады. Әп-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік университетінде сынақтан өтіп, аспирантурасын жылу физикасы мамандығы бойынша аяқтады. 1977 жылы «Газ бен газ қоспаларының төменгі температурадағы жылу өтімділігі» дегөн тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап, физика математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

   Унивөрситеттегі ұстаздық жылдары ішіңде ол жалпы физика кафедрасының меңгерушісі, кейіннен кафедра доценті, деканның орынбасары, проректор қызметтерін атқарды. 1992 жылы –«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен марапатталды.

Хайреденнің ғылым жолына қосқан үлесі де ерекше. Ол Атырау мұнай айыру зауытымен жүргізілген 10 шаруашылық келісім- шарттардың ғылыми жетекшісі болды. Зауыт территориясының ауа құрамындағы улы газдар мөлшерін бақылайтын экспресс жүйені құрастырып, оны бірнеше цехтарға орналастырды. Сөйтіп зауытта ірі жылу көздері болып тұрған қондырғылардан бөлінетін жылу мөлшерін есептеудің тиімді әдістерін өндіріске енгізді. Осылайша ғалым-ұстаз Атырау мұнай айыру зауытымен шаруашылық келісім шартпен ондаған жылдар бойына бірнеше миллионнан астам қаражат келтірген бірден-бір ғалым. Осы бағыттағы ғылыми еңбектері туралы Алматы, Қарағанды, Минск, Қазан калаларында өткен халықаралық ғылыми-техникалық конференцияларда баяндады. Бұл еңбектері шетелде бағаланып, өндіріске енгізілді. Хайреденнің ғылыми еңбектері тек Қазақстан, ТМД елдерінде ғана өмес, Америкада да жарық көрді. Әсіресе, ол шетел ғалымдарымен шығармашылық байланыста жұмыс істеді. Ол Нью-Йорк ғылым академиясының толық мүшесі, академигі, 1996 жылдан бері ғылыми еңбектері Нью-Йорк Гылым академиясының басылымдарында жиі жарияланып келді. Атырау университетінде бірден-бір шетел ғалымдарымен ғылыми шығармашылықпен жұмыс жасаған, еңбектері шетелдерде жарияланған алғашқы ғалым екендігн айтса да жеткілікті.

   Ол кеңестік кезеңде 80-жылдары университетте социологиялық зерттеу жұмысын философия, педагогика жөне психология кафедралары ғапымдарымен бірлесіп жүргізген ғалымдардың бірі.

Аяулы азаматтың алдына қойған мақсат-міндеттері көп еді. Атырау университетінің академиялық профессоры, 32 ғылыми жұмыстың авторы. Еңбектері орталық басылымдарда және шетелдік журналдарда жорияланды. Үш оқулықтың авторы Докторлық ғылыми жұмысын жззып, қорғау да ойында бар-ды.

«Ұяда не көрсең ұшқанда соны аларсың», «Әкеге тартып ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей, өзінен кейін сүйікті ұлы Алматы мен қызы Гүлсімі, сүйікті жары Сөулесі калды.

Сәуле де ұпағатты ұстаз, облысымызға белгілі әдіскер-ғалым, доцент, жаратылыстану факультетінің белгілі оқытушысы. Екі баланың сүйікті анасы.

 

Қадыржан СЕИТАЛИЕВ, педагогика ғылымдарының

докторы, профессор.

Теги университет тайсойғансайты