ТӘРБИЕШІ

ТӘРБИЕШІ

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,

тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы,

тәрбиесіз берілген  білім адамзатқа апат әкеледі»

 

Әбу Насыр Әл-Фараби

 

 

Осындай ғұламаның даналық сөзі біздерге жеткен екен. Сондықтан балаға сәби шақтан берілетін тәрбиенің мәні зор.

 Бұл кезеңде баланың азамат болып қалыптасуына бір ғана үйінде алған алған отбасылық тәрбиесі аздық етеді. Осы орайда балабақшаның, оның тәрбиешілерінің алатын орны ерекше. Әр үйдің бір еркесін асқан сабырлықпен, зор шыдамдылықпен тәрбиелеп, ортаға бейімдеу-үлкен төзімділік пен терең ақылдылықты қажет етеді. Жаңа ғана қауызы бүр жарып, гүлдеп келе жатқан бүлдіршіндер үлкен өмірге есікті осы балабақшадан ашады.

69679294-bcf1-4d76-907a-66d3e66a6f80

Ата-анасының еркесі болып, дегенін істеткен 20–дан астам балаға қарау, олардың тілін табу оңай жұмыс емес. Балабақша табалдырығын аттаған әр баланың өзіне біткен мінезі болады. Топтағы бір бала тез дамыса, екіншісі баяу дамиды. Әр қайсысы сыры ашылмаған терең дүние сияқты. Осындай бұлақ көзін инемен қазатын тәрбиеші әр баланың жүрегіне жол табады. Әр баланың мінез-құлқына қарай онымен қатынас орнату оның тілінде ойнап-күлу асқан сабырлық пен ыждағаттылықты талат етеді.

a2d82324-9232-4851-96ea-6df2a52adad9

Осындай  абыройлы абзал жанның бірі-Атырау қаласындағы № 14 «Нұрай» балабақшасының «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Жалмурзина Лаура Хиданқызы.

         Лаура апай-баларымызды мейірімділікпен күтіп-баптап, болашаққа бағыт-бағдар, тәлім-тәрбие беріп отырған екінші анасы. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, бағыт сілтеп, аямай тер төгіп  отырған Лаура апайдың еңбегі үшін оның алдында басымызды иеміз.  

0796033e-6037-410e-b9aa-6e86e585699e

Тәрбиеші еліміздің ертеңі үшін қызмет ететін адамды тәрбиелейді. Баларға қазыналы ана тілімізді отбасынан кейін осы тәрбиеші үйретеді. Тіл арқылы салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды бойларына дарытып, елін сүйген, тілін қадірлеген, болашақта қоғамдық өмірде өзінің орнын алатын азаматтарды қатарға қосады.

Бір тәрбиеші былай деп жазған екен: «Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні.

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажет. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ, сол өткізген күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір "Балалар әлемінің теңізіне" бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді». Қандай тамаша сөздер!

Қазіргі заманда тәрбиеші болу біліктілікті, асқан жауапкершілікті талап етеді. Жүрек қалауымен таңдаған мамандық иесі көп тер төгіп еңбек еткенде ғана құрметке болады

48369167_275104296534400_6978269709271564288_n

Осындай қызығы да, шыжығы да мол мамандық иесінің еңбегі еленіп жатыр. 2018 жылы Тәуелсіздік күніне орай Лаура апай Атырау облысы бойынша "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы институтының "Ұлағатты ұстаз" төсбелгісімен жəне "Құрмет грамотасымен" марапатталды.

ed0bae33-ad87-4d7f-8146-619617278a70

Құрметті Лаура Хиданқызы! Сізді көктемнің алғашқы шуақты мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық тілейміз! Болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде еңбегіңіз жемісті болып, одан да биік жетістіктерге жете беруіңізге шын жүректен тілектеспіз!

3a9cbd1b-2259-43cd-a068-b526ab142042

Сізге деген үлкен құрметпен,

Қабибек Мұхитов.

Атырау қаласы