МАҚАЛАДАН СОҢ

МАҚАЛАДАН СОҢ

Құрметті оқырмандар!

18 сәуірде сайтымызда Алматылық тарихшы Марат Туғанбаевтың  «ПАЙДА МА, ӘЛДЕ ЗИЯН БА?» деген мақаласын жариялаған болатынбыз. Мақала оқырмандардың қызу талқысына түсіп, бірқатар пікірлер келді. Сол пікірлерді жариялауды жөн көрдік.

 

 

ХХХХ

 

      Марат Туғанбаев деген тарихшыны естіген емеспіз. Мақала З.Қабылдинов еңбегін бірыңғай терістеуге құрылған. Ал өмірде мүлдем басқа ғой. Қабылдинов өкпесі түсіп, 3 қана ғылыми жобамен қалған Тарих институтын емдеп, жазды. Ғылыми жоба саны 30-40 дейін жетті. Тырнақ астынан кір іздемей, жанашыр болсаңдар, институтқа барып, бетіне айтпайсыңдар ма? Мақсаттарың белгілі: З.Қабылдиновты шалу. «Аққа құдай жақ» деген. Советтік интриганың уақыты емес!

 

Амандық Есқалиев

 

ХХХХ

 

2017-2020 жж, институт ұжымы 30 кітап шығарды, оның ішінде «Орта жүздің сұлтандары мен батырлары», өздерің сынап отырған «Қазақ-Ресей қатынастары тарихынан», «Алаш мемлекеттілік тарихындағы», «Қазақ-қытай қатынастары» және т.б. мұрағат материалдарының жинақтары жарық көрді. 2020 жылы Кембридж университетінің базасында шығарылатын Ш. Уәлихановтың таңдаулы еңбектерінің ағылшын тіліндегі томын дайындау жұмысы аяқталды. Ұжым 3 тілде әлемдегі бірегей «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын (ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты мен география институтымен бірлесіп) әзірледі. Сонымен қатар, институт ғалымдары соңғы үш жылда импакт-факторы бар 25-тен астам мақала жариялады.

Профессор Зиябек Кабулдиновке дейін осындай еңбектер шықты ма? Қазақстан тарихының 20 томдығы шығады деп бөркімізді аспанға лақтырып қуандық, күттік, шықпады. Жазғыштар осы мәселені неге көтермедіңдер?

Зиялы емес, зиянды болып барамыз, иман жоқ, еркекке лайық тектілік жоқ. Қалай ел боламыз? Тырнақ астынан кір іздеп, «жаптым жала, жақтым күйе» деп тасада бұғып отырсыңдар. «Сыбағаң болса, тұрып барып ал».

Марқұм Шерхан Мұртаза: «Бәрі бар, иман әлсіз» деуші еді.

 

Әділбек Иманұлы

 

ХХХХ

Құрметті оқырман! Мен З.Қабылдиновтың азаматтығын да, ғалымдығын да, патриоттығын да ерекше атаймын. Ол Омбыдан 2 баласын қазақ ету үшін Қазақстанға қоныс аударды. Арманы жүзеге асты. Ол 8-сынып «Тарихын» жазды, 7-8 монография даярлады. Ешкімнен бір тиын да сұраған жоқ. Оның патриоттығын көзбен көру керек. «Қазағым, Қазақстаным!» дегенде, жанын береді. «Шиебөрі» деген аң бар, оның жүрегі жоқ, бірақ азуы бар. Мына анонимка сол шакалдар жортуын елестетеді.

Белгібай Ортақшыл

 

ХХХХ

 

2018 жылы институт ғалымдарының ұжымдық жұмысын Министрлік пен Үкімет жоғары бағалады: институт директоры, т.ғ. д., профессор З. Е. Қабыльдинов мемлекеттік ғылыми стипендияны алды. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белігісімен т.ғ. д., профессор А. И. Құдайбергенова және т. ғ. д., профессор А. У. Тоқтабай марапатталды. «Еңбек ардагері» құрметті атағы т.ғ. к. Д. Әлімғазы, ҚР Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен т. ғ. д., профессор С. А. Әжіғали марапатталды. ҚР Білім және ғылым Министрінің алғыс хатымен т.ғ. к., доцент А. К. Шашаев және т. ғ. к., доцент Ф. М. Шамшиденова марапатталды. Институт Ғылыми Кеңесінің шешімімен «Құрметті профессор» атағы Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін т.ғ. к. Д. Әлімғазыға берілді. «Институттың үздік жас тарихшысы» байқауының қорытындысы бойынша аға ғылыми қызметкер, PhD докторы, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Н. Н. Құрманалина марапатталды, оған төсбелгі мен санаторий демалыс орнына жолдама берілді. 2019 жылы «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалімен т.ғ. д., проф. З. Е. Қабыльдинов және т. ғ. к. Д. Әлімғазы марапатталды. «Еңбек ардагері» құрметті атағы т. ғ. д., проф. С. А. Әжіғали және т. ғ. д., проф. Ж. Б. Әбілхожинге берілді. ҚР Білім және ғылым Министрінің Құрмет грамотасымен PhD докторы М. М. Қозыбаева марапатталды. ҚР Білім және ғылым Министрінің алғыс хатымен т.ғ.к., қауымдас профессор А. С. Уалтаева марапатталды.

Сонда бұлардың еңбектері шынайы бағаланбағаны ма? Ендеше осындай арызды Министрлік пен Үкіметке неге жазбағансыңдар?

Тасадан тас атуды қою керек.

 

Тілек Айтуғанов.

ХХХХ

 

Батыр сында, жорықта сыналады. Еуразия университетіне Лукашенко, Лужков келгенде, З.Қабылдиновтың қандай ғалым, қайраткер екенін көргенбіз. Дипломаттар айта алмайтын сөздерді ғылыми дәлелмен жеткізіп, екі мықты тұлғаны да таңғалдырған. Міне, ғалым осындай болу керек. Мына мақала таза «заказуха». Авторларына «өз қазған орларыңа өздерің түсіп қалмаңдар!» дейміз.
Анонимка жазбай, уақтыттарыңды ғылымға бөлсеңдер, миларың тыныш болады!


 

 Жангелді Қабжанов

 

ХХХХ

 

Зиябек Ермуханұлы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтына директор болып келгелі, «Отан тарихы», «edu.e-history» екі журнал арқылы ғалымдардың негізгі зерттеулерін көпшілікке тарату мақсатында 2019 жылдан бастап «тарихи жылнамалар» басылып шыға бастады. Ал 2020 жылы институт «Түркістан хабаршысы» Жаңа журналын іске қосты. 2017 жылдан институт сайты http://iie.kz/ 6 тілде жұмыс істейді. Институт Ресей Федерациясының Алтай өңіріне, Монғолияға, Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд облыстарына және т.б. жерлерге этнографиялық экспедицияларды ұйымдастырды. Зиябек Ермуханұлы іскер, жаңашыл, бастамашыл басшы әрі ғалым!

Осының барлығы Зиябек Ермуханұлының зор ұйымдастыру қабілетін білдіреді.  Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

 

Самал Қалханова

 

ХХХХ

 

 

     Ағайындар! Профессор, әдебиеттанушы Серік Негимовтің сөзі: «Зиябек Қабылдинов - жас та болса салиқалы тарихшы. Оның жолы - Қазақстанға шын берілген патриоттың жолы. Зиябек Астанаға керек еді, бірақ Алматы да Зиябектен көп нәрсе үйренеді. Әсіресе жастар жағы тазалықты, еңбекқорлықты, отаншылдықты, батырлықты үйренеді» (13.12.2019). Бұған қосып-аларым жоқ.



Айтуған Тоғжан

 

ХХХХ

 

 

Профессор Зиябек Қабылдинов конкурс бойынша 2017 жылғы 23 маусымда институт директоры болып тағайындалды. Сонда оны құттықтап: Алматыда жұмыс жасатпайтындығын айтқанбыз. Ол тәуекел етті. Өзіне сенімді болған. Енді қалай болды? Біз білетін Зиябек адал, қарапайым, тіке әрі әділ, ұлтанжанды азамат. Ғылымда да әділ, шыншыл, батыл жан. Қазақстан жерін Ресей патша үкіметінің анекциялағаныны туралы ащы шындықты жазып оны әлеуметтік желіде жариялап, орыс ғалымдарының қытығына тиген болатын. Қайсысың осы Зиябек сияқты жаздыңыздар? Ынжықтар тасадан тас лақтыратын «Батырсымақтарсыздар!».

 Өсер елдің баласы құсап, қашан тірлік жасаймыз. Бірі-біріңді қолдап, кемшлігін бетіне айтып ерге лайық жүрмейсіңдер ме?

Ғылымның қара шаңырағы кеңестік заманда Ермұхан Бекмахановты нақақ қаралаған болатын. Бірақ ол кеңестік заман еді ғой. Тәуелсіз ел болған кезде де кеңестік кезеңдегі домалақ арыз жазу әдетін қоймағансыздар ма? Осындай әдепсіздікті жаңғыртушылар басқа ештеңені үлгіге алмағансыздар ғой? Елдігімізге сын болды ғой мына мақала...

 

Сәлім Сағынтай

 

 

ХХХХ

 

Зиябек ЕНУ-да жұмыс жасап жүрген кезде өте іскер адам ретінде танылған еді. Активист болатын. Өзі тұрып жатырған мөлтек-ауданда КСК-ның қоғамдық бастамада басшысы болды. Бір үйдің суы жүрмей қалды, келесі бір үйдің светі дұрыс жанбай тұр деп жүгіретін де жүретін. Бір сөзбен айтқанда тамаша менеджер болатын. Алматыға барғанда осы іскерлігімен Тарих институтын бірталай көтергенін білемін. Сіздерге несімен ұнамай отыр? Соны түсінбедім...

 

Әлишер Ізбасаров

 

ХХХХ

 

Зиябек Ермұханұлы тарих институты ғалымдарының жалақысын көтерді. Барлық ғылыми қызметкерлерді жобаға тартты. Институтты қиын кезден аман алып шықты. Бүгінгі таңда тарих институты мықты ғылыми зерттеу институттардың бірі болып табылады. Сенбесеңдер өздерініз қараңдар: қазір тарих институтында 68 адам жұмыс жасайды. Мұндай жағдай тек Ақай Нүсіпбековтың кезінде ғана болған екен. Бірақ ол кезде Тарих институты құрамында археология бөлімі болды ғой. Қазір археология институты өз алдына жеке институт. Сонда тарих институты бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілді емес пе? Зиябек Ермұханұлы сияқты іскер басшыны бағалай білуіміз керек!

 

Оспан Райұлы

 

ХХХХ

 

     Марат Туғанбаевтың мақалада келтіріп отырған мәліметтермен келіспеймін. Фактілермен қисынсыз ойнау деп бағалаймын. Шын мәнінде, Қазақстан тарихын объективті зерттеуші ғалымдарға қарсы тапсырыспен жазылған саяси ойынға ұқсайды.                   

       Жасан  Мұқанұлы

 

ХХХХ

     Зиябектен қазаққа пайда көп! Ол жерде істесін-істемесін түбі ұлтқа олжа салады. 2004-2017 жылдар аралығында оны таныдық қойДекан болып, бастықпын демей, студенттермен бірге парта көтерісіп жүретін. Біреу біреуді жазықсыз кінәлап, балағаттаса, әділдік үшін өз лауазымын ойлап жатпайтын. Неше түрлі бұзықтар, жуанжұдырықтар біреуді жазықсыз жәбірлесе, баяғының батырларынша "жекпе-жекке шығуға" даяр еді.

 

Абылайхан Бәйдібек

 

ХХХХ

 

     2017 жылы Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің атынан т.ғ.д. профессор Әжіғали Серік ағамызға бір жобамызға ғылыми кеңесші болуын сұрап қолқа салдық. Ол кісі өтінішімізді қабыл алды. Сол кезде осы институттың басшысы т.ғ.д. профессор Қабылдинов Зиябек тарих институты атынан Ресейдің архивтеріне, Петербордағы мед. академияға хат жазып, жұмыс жасаумызға жол ашып берді. Ол кісіге рахметіміз шексіз. Ал Марат Туғанбаев деген тарихшыны танымайды екенбіз.

 

Сейілхан Мираш,

Атырау қаласы.