ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДОСЫНЫҢ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДОСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Қазақстанда таеквондо (WTF) спорты 1991 жылдан бастау алады. Оның негізін қалаған халықаралық шебер, қара белдіктің 6-шы дан иегері Мұстафа Өзтүрік болды.

   Мұстафа Өзтүрік 1954 жылы 23 қарашада Стамбулда туып 1975-1980 жылдары Тайбэй Халықаралық саясат университетінде халықаралық журналистика мамандығы бойынша білім алған. Ол осы университетте оқып жүріп таеквондомен шұғылданады. Кейін ірі халықаралық жарыстарда жеңімпаз болып мұсылман халықтары арасында тұңғыш болып таеквондодан «Халықаралық шебер» дәрежесіне жетеді. Оқуын аяқтаған соң Мюнхен қаласында полицейлер мен ерекше міндет атқаратын арнайы бөлімді даярлайтын бапкердік қызметке шақырылады. Сонымен қоса Мюнхен қаласында өзінің жеке мектебін ашады. Мұстафа Өзтүріктің таеквондо мектебі 1983 жылы Стамбул қаласында да ашылады.

   1983 жылы қазан айында Копенгаген қаласында өткен әлем чемпионатында  Мұстафа Өзтүріктің шәкірті түркиялық Йылмаз Хелвагиоглы алтын алқа тағы да екі шәкірті қола алқаға ие болады.

   1990 жылы маусым айында Қазақстан ЛКЖО ОК-нің(Лениншіл Комсомол Жастар Одағының Орталық Комитеті) шақыруымен Қазақстанға келді. Оның келуіне ұйытқы болған ел ағалары Иманғали Тасмағамбетов, Серік Абдрахманов,Талғат Тименов, Төлеген Мұхамбетжанов, Бексейіт Түлкиев, Несіп Жүнісбаевтар еді. Кейін осы аталған ел ағалары  спорттың осы түрінің елімізде дамуына көп еңбек сіңірді.

   1990 жылы 26 маусымда Алматы қаласындағы Орталық Циркте кездесу ұйымдастырып Мұстафа Өзтүрікті қазақ жұртшылығына алғаш таныстырды. Қазақ халқы өзінің Мұстафадай шетелде ұлы бар екенін білді. Кездесу халық санасына үлкен сілкініс берді. Осы кезден бастап шығыс жекпе-жегінің дамуы күрт өседі. Кейін, Мұстафа Өзтүрік өзінің түркиядағы шәкірттерін ертіп келіп «Балуан Шолақ» атындағы сарайда таеквондо өнерін көрсетті. Осы қойылым кезінде қазақстандық екі спортшыға таеквондодан қара белдіктің 1-ші даны атағы берілді. Олар Қазақстанға еңбек сіңірген суретші, «Дарын сыйлығы» мен «Ленин комсомолы сыйлығының» лауреаты Бексейіт Түлкиев пен ғалым әрі мемлекет қайраткері, Қазақстанның Монғолия Республикасы елшілігінде жауапты қызмет атқаратын Асқар Абдрахманов болатын. Бұл аталған екі спортшыда бұрын-соңды каратэмен шұғылданған адамдар еді.  Сол күннен бастап Қазақстан жұртшылығына таеквондо (WTF) спорты кеңінен танылды.

   1991 жылдың жазынан бастап Алматы қаласында Республикалық оқушылар сарайында(бұрынғы Республикалық пионерлер сарайында) тұңғыш рет таеквондо (WTF) спортынан үйірме ашылды. Ол мектепке Асқар Абдрахманов жетекшілік етті. Осы жылдың 15 қыркүйегінде бұл мектепке аға бапкер болып Исатай Қабеков келді. Сонымен қоса Дихан Ақаев, Қайрат Қырғызбаев, Серік Рысбаев т.б. осы өнердің дамуына ат салысты. Республикамыздың бірқатар облыстарында таеквондо үйірмелері ашыла бастады. Жамбыл облысында Бәйділдә Жұмабеков, Оңтүстік Қазақстан облысында Шадияр Қондыбаев, Қызылорда облысында Қанат Ғизатов, Солтүстік Қазақстан облысында Серік Рысбаев, Атырау облысында Қабибек Мұхитов таеквондодан (WTF) өз үйірмесін ашты. 1992-ші жылы Қазақстан Республикалық таеквондо федерациясы(WTF) құрылды. Оның құрылтайшылары Алматы қалалық, Жамбыл облыстық, Оңтүстік Қазақстан облыстық, Қызылорда облыстық, Солтүстік Қазақстан облыстық және Атырау облыстық федерациялар болды. Федерацияның тұңғыш президенті болып Бексейіт Түлкиев сайланды.

   1992 жылы тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты ресми түрде ұйымдастырылды. Осы жылдың қыркүйегінде Түркияда халықаралық турнир өтті. Бұл жарысқа тұңғыш рет Қазақстанның таеквондошылары қатысты. Жарыстың қорытындысында Қайрат Қырғызбаев пен Сұлтанмахмұт Шоқпытов чемпион атанды.

   1992 жылы Мұстафа Өзтүрік Қазақстанның азаматтығын алды. Сол жылы көктемде Қазақстан таеквондо(WTF) федерациясы Бүкіләлемдік Таеквондо(WTF) федерациясына мүше болды.

   1993 жылы Алматы қаласында қатарынан екі бірдей мектеп ашылды. Олар «Исатай»( Исатай Қабеков) мектебі мен «Мұстафа Өзтүрік мектебі»( Қайрат Қырғызбаев) болды.

   Осы жылы тамыз айында Мұстафа Өзтүрік пен Бексейіт Түлкиев бастап барған ұлттық құрама командасы Нью-Йоркте өтетін әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысады. Сол кездегі ұлттық құрама командасының мүшелері Шоқпытов Сұлтанмахмұт, Мұрат Темиралиев, Анвар Үсенов, Имантай Абеев, Ғани Абдуғаппаров Ғани, Сакен Төлембетов, Малик Шаншарбеков Малик, Чигитаев Нұрлан болған.

   Команданың бас жаттыктырушы Нарбаев Максұт пен жаттықтырушылары Жақсыбеков Жақсылык және Ахаев Дихан болды. Қорытындысында Чигитаев Нұрлан 5 орынға ие болды.

   Ал, 1994 жылдың ақпан айында Қазакстан құрама командасы АҚШ-тың Колорадо Спрингс қаласында өткен АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысты. Сол кездегі Қазақстан құрама командасының мүшелері Сұлтанмахмұт Шоқпытов, Мұрат Темиралиев Мұрат, Забиболла Амирбеков Забибулла, Вячеслав Пак Вячеслав, Имантай Абеев Имантай, Ғани Абдугаппаров Ғани болды. Команда жетекшілері болған Мұстафа Өзтурік пен Бексейіт Түлкиев, Дихан Ахаев.

   1995 жылы наурыз айының 15-де Мұстафа Өзтүрік дүниеден өтті.

   Оңтүстік Кореялық маманы Ким Пэн Юн Ұлттық құрама командаға техникалық директор болып қызметке тағайындалды.

   1995 жылы қарашада Ұлттық құрама команда Филиппиндегі Манила қаласында өткен әлем чемпионатына қатысады.

   Осы жылы Республикалық таеквондо федерациясының басшылығымен және Оңтүстік Корея мамандардың бірігуімен Алматыда кеңейтілген Республикалық жаттықтырушылар семинары өткізілді.

   1997 жылы Ұлттық құрама команда Гонконгте өткен әлем чемпионатына қатысты.

   1998 жылы Қазақстан Республикасы Таеквондо Федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиев қарақшылардың қолынан кенеттен қайтыс болды. Қазақстан Республикасы Таеквондо Федерациясына президент болып қоғам және мемлекет қайраткері Шамсат Исабеков сайланды.

   1998 жылы Түркияның Стамбұл қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Әділхан Сағындықов қола медалға ие болды.

   1998 жылы Таеквондодан Ұлттық құрама командасының мүшелері Әділбек Сағындықов пен Әнуарбек Аманқұлов Банкокта өткен ХIII жазғы Азия Ойындарына қатысып тұңғыш рет қола алқаларға ие болды.

   1999 жылы шілде айында Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында Әділбек Сағындықовтың тұңғыш рет қола жүлдегер атанды.

   1999 жылы «Мұстафа Өзтүрік пен Бексейіт Түлкиев атындағы республикалық қоғамдық қор» құрылды.

   1999 жылы Алматы қаласында «Бәйділда» таеквондо мектебі ашылды.

   2000 жылы Ирландияның Амман қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында А. Хагай күміс жүлдеге ие болды.

   2000 жылы Сидней Олимпиада ойындарында таеквондодан тұңғыш рет сайыс өтеді.

   2001 жылы Қытайдың Чан-Хуа қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Есбол Ерден 1-ші орын, Ильяс Иманалиев 2-ші орынға ие болды.

   2002 жылы Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында Арман Шылманов қола медалға ие болды.

   Сол 2002 жылы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен жазғы Азия Ойындарында Арман Шылманов пен Ерден Есболдың қола жүлдеге ие болды.

   2003 жылы Вьетнамның Хошимин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Дильяфруз Хұдайшүкүрова, Сағыныш Қалымбетов, Серік Ислам 2-ші орын, Кристина Волошникова, Зарина Шамшатқызы, Ақжаркын Нұргалиева, Динара Таңқұбаева, Нұрлан Күлекенов 3-ші орындарға ие болды.

   2003 жылы Ұлттық студенттік құрама команданың мүшесі Айса Еркін Сеулде(Оңтүстік Кореяда) өткен Бүкіләлемдік универсиадада тұңғыш рет таеквондодан күміс жүлдеге ие болды.

   2003 жылы Германияның Гармиш Паркенкирхен каласында өткен әлем чемпионатында Лия Нуркина  3-ші орынға ие болды.

   2004 ж. Оңтүстік Кореяның Сунчеон қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Асылан Батыкулов 2-ші орын ал Алмаз Қапиз 3-ші орынға ие болды.

   2004 жылы Оңтүстік Кореяның Сеоннам қаласында өткен Азия чемпионатында Ерден Есбол, Сәуле Сардарова, Нұргүл Беркалиева 3-ші орынға ие болды.

   2004 жылы Әділбек Сағындықов Афина Олимпиада ойындарына қатысып бесінші орынға ие болды.

   2005 жылы Алматы қаласында тұңғыш рет жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өткізілді. Бұл чемпионатта Давран Ризаев 1-ші орын, Аслан Батыкулов, Ерғали Анесов 2-ші орын, Ботагөз Мәуленова, Алмаз Қапиз, Әлия Қожабекова, Зина Ахмедиянова, Қайрат Сарымсақов, Манап Алимбетов, Сұлтан Қасымов, Ғизат Досалин, Назгүл Сұлтанова 3-ші орындарға ие болды.

   2006 жылы Тайландтың Бангкок қаласында өткен Азия чемпионатында Арман Шылманов алтын Ренат Кұралбаев, Батырбек Есдаулетов, Сағыныш Қалымбетов, Екатерина Дмитриева, Зарина Шамшатқызы  қола медалдарға ие болды.

   2006 жылы Катардың астанасы Дохада өткен ХV жазғы Азия Ойындарында қазақстандықтар Сәуле Сардарова, Арман Шылманов, Ринат Құралбаев, Екатерина Дмитриева сынды ұлттық құрама команданың мүшелері қола жүлделерге ие болды.

   2006 жылы Вьетнамда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Жалғас Бекқасымов тұңғыш рет чемпион болды.

   2007 жылы Қытайдың Пекин қаласында өткен әлем чемпионатында Аслан Батыкулов Аслан мен Назгүл Тажигұлова Назгүл және Арман Шылманов қола жүлделерге ие болды.

   2008 жылы ТМД елдерінің ішінен алғаш болып қазақ таеквондосы тарихта бұрын-соңды болмаған ірі жетістікке ие болды. Арман Шылманов Пекин Олимпиадасының қола жүлдегер атанды.

   2008 жылы Түркияның Измир қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Жалғас Беккасымов 3-ші орынға ие болды.

Осы жылы Сербияның Белград қаласында өткен Бүкіләлемдік универсиадасында Гүлнафис Айтмұхамбетова алтын медалға ие болды.

   2009 жылы Данияның Копенгаген қаласында өткен әлем чемпионатында Арман Шылманов 3-ші орынға ие болды.

   Осы 2010 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында ұлттық құрама командасының мүшесі Феруза Ергешова алтыннан алқа тақса Арман Шылманов күміс, Нариман Шакиров, Сұлтан Қасымов және Айжан Әлижанова қола медалдарға ие болды. Осы чемпионатта қазақстандық Бақытжан Аязбаев пен Наталья Югай жұптасып өнер көрсетуде тұңғыш рет пумседен Азия чемпионы атағына ие болды.

   2010 жылы Сингапурда өткен жастар арасындағы тұңғыш Олимпиада Ойындарында ұлттық құрама командасының мүшесі Нұрсұлтан Мамаев күміс жүлдені қанжығасына байлады.

   2010 жылы Қытайдың Гуаньчжоу қаласында өткен ХVI жазғы Азия Ойындарында Феруза Ергешова күміс жүлдегер атанады.

Сонымен қоса Қазақстан құрама командасы 2011 жылы Оңтүстік Кореяның Генгжу қаласы мен 2013 жылы Мексиканың Пуебла қаласында өткен әлем чемпионаттарына қатысып қайтты.

   2012 ж. Вьетнамның Хошимин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Фариза Алдаонгарова 2-ші орын, Меруерт Копболсынова 3 орынға ие болды.

   2012 жылы Мысырдың  Шарм Эль Шейх қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Сердалиева Зарина 3-ші орынға ие болды.

   2012 жылы Вьетнамның Хошимин қаласында өткен Азия чемпионатында  Сарымсақов Қайрат, Бекқасымов Жалғас, Өтеміс Жадыра, Ергешова Феруза қола медалға ие болды.

   2012 жылы Гүлнафис Айтмұхамбетова Лондон Олимпиада ойындарына қатысты.

   2012 жылы Қазақстан Республикасында жекпе-жек спорт түрлерінің федерациялары  біріктіріліп Конфедерация құрды. Конфедерация президенті болып Тимур Құлыбаев сайланады. Қазақстан Республикасы Таеквондо Федерациясының басшылығы қызметіне елімізге танымал банкир Вячеслав Константинұлы Ким сайланды.

   2014 жылы Тайванның Тайбей қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Артур Ким 2-ші орынға ие болды.

   2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен ХVII жазғы Азия Ойындарында Қазақстандық Нұрсұлтан Мамаев екінші орынды, Қайрат Сарымсақов үшінші орындарды иеленеді.

   2014 жылы Алматыда тұңғыш мәрте «Федерация Кубогі» Республикалық турнирі өтті. Осы жылы Астана қаласында тұңғыш рет Гран-при өткізіледі.

   2014 жылы елімізде өткен барлық жарыстар марқұм Мұстафа Өзтүрікті еске алуға арналды.

   Бүгінгі күні елімізде таеквондомен 20 мыңнан астам адам шұғылданады.

 

Қабибек Мұхитов,

Қазақстан Республикасына

еңбек сіңірген жаттықтырушы