ИБАТ КӘМЕШҰЛЫ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ

ИБАТ КӘМЕШҰЛЫ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАУ

Өмірдің қуанышы мен қызығын да, ащысы мен тұщысын бастан кешіріп, әр деңгейдегі қызмет бабында қалыптасқан шынайы сыйластық, туған бауырдай болып кеткен ілтипаттық... бәрі-бәрі сол кездегідей есімізде, санамызда. Өзің ортамызда жүргенде нағыз ерліктің адами қасиеттердің символындай жарқырап жүрген жан болатын едің. Өзіңді көптеген жастар, бүкіл студенттер қауымы, шәкірттерің қашанда үлгі тутып, ұқсауға тырысатынын-сырт көз біздер білуші едік. Сонда, біздерде қызғанушылық деген болмайтын. Мүмкін, ризашылық сезім бойды билеген шығар.

   Үлкенге де, кішіге де ілтипатпен қарайтынсың. Ибаттың бойынан ұлан-байтақ даламыздай қазақи кең пейілділік пен дарқан жүректен төгіліп тұратын жомарттық аңқып, шуақтық леп есетін. Аузын ашса, ар жағынан жүрегі көрінетін. Парасаттылық пен зиялылық оған тән қасиет еді ғой.

   Біз, кім туралы ой қозғап отырмыз. Осы барша халықтың көпшілігі жүрегімен сезініп отырғанына кәміл сенемін. Ол-халқымыздың ардақтысы, өлкеміздің асыл перзенттерінің бірі, университетіміздің өркендеп дамуына зор үлес қосқан, өзіндік орны бар - ИБАТ ҚАМЕШҰЛЫ демекпіз.

IMG-20200527-WA0039

   Ибат Қамешүлы, 1943 жылы Индер (бурынғы Есбол) ауданы, Өрлік селосында дүниеге келген. Туған ауылы болашақта Қазақстан ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына атышулы белгілі Ленин орденді «Передовик» колхозы болатын. Оны кезінде Сағидолла Құбашев секілді үлкен партия-мемлекет қайраткері басқарған. Шаруашылықтың әр саласынан оншақты адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Осы озық шаруашылық дамуына Қамеш әулеті, оның ұлдары зор үлес қосқанын, ел ризашылықпен айтады.

   Ибат Қамешұлы, XX ғасырдың 50-жылдары Өрлік селосындағы қазіргі Қабижан Абақанұлы атындағы орта мөктеп табалдырығын аттайды. Мектепте сол кездің өзіндө-ақ оқушыларға білім, төрбие беруде облысқа аты шыққан «Республикаға еңбегі сіңген мұғалім» атағы бар Хамидолла Өмірғалиев сынды ұстаздар болатын.

Өз замандастары сияқты соғыстың зардабын көріп өскен Ибат барлық қиыншылықтарды жеңе отырып, ынталы, жігерлі өседі. Өрлік орта мектебін 1961 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

   Ата-анасының ақылы және өз қабырғасымен ақылдаса отырып өзін көптен қызықтыратын мұғалімдік мамандықты таңдау мақсатында, сол жылы осы университеттің (бұрынғы пединститут) тарих факультетіне оқуға түседі.

   Ибаттың жоғары оқу орны кабырғасында жүргенде институттың, факультеттің қоғамдық ұйымдары жұмыстарына жан-тәнімен беріліп. өз құрбыларының ішінде алдыңғы шепте болып, көп ілгері озық жүргенінің куәсі болдық.

   Жоғары курстарда оқып жүргенде, сол 60-жылдардағы институт ректоры Сәдірбай Тоқманұлы Қожабаев Ибаттың іскерлік, ізденімпаздық, тапсырманы тиянақты, бұлжытпай орындаудағы жақсы қасиеттөрін бағалал, зор сенім артып оған институт студенттерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін тапсырады.

IMG-20200527-WA0041

   Ұлағатты ұстаз, іскер басшы қатты талап қоя білетін институт басшысы-ректор жаңылмапты. Осындай ауқымды. әрі жауапкершілігі мол сан-салалы қызметті Ибат Қамешұлы партия, комсомол ұйымдарымен біте қайнаса отырып, өзіне тән өлгезектікпен. білгірлікпен, ұйымдастырушылық қабілеттігін көрсете. барлық күш- қуатын, ерлік-қайратын, ынта-жігерін аямай, талапқа сай өз дәрежесінде атқара білді.

   Жастардың қызу-қайнаған сан-алуан. қырлы-сырлы жұмыстарының ортасында жүрді: студенттік құрылыс отряд, каникул кезіндегі ауыл шаруашылығына көмектесу жастардың өнер сайысына арналған фестивалдар, әртүрлі деңгейдегі спорттық жарыстарды ұйымдастырып, бел ортасында жүріп, шынықты, тәжірибе жинақтады.

   Институтты үздік бітіргеннен кейін Ибат Қамешұлын ректораттың шешімімен студент кезінен өзін жан-жақты көрсете білген жәйіттерін ескеріп, оны институтқа оқытушылық қызметке қалдырылады. Сөйтіп, Ибат Қамешулы өзінің негізгі ғылыми-педагогикалық еңбек жолын бірден-ақ институттан бастады.

   Оның алдына қойған бірден-бір мақсаты, ой-арманы ғылым жолына түсіп, өлкеміз тарихын зерттеуге «өз үлесімді қоссам-ау» болатын.

Ибат осы мақсатын жүзеге асыру үшін 1974 жылы Қазақтың Әл-Фараби (ол кезде С.М.Киров) атындағы ұлттық мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аспирантурасына оқуға түседі.

   Ғылыми жетекшісі-Қазақстан тарихын зерттеушілердің көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспендент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Асылбеков Ибатқа Батыс Қазақстан тарихына тығыз байланысты «Маңғыстау аймақтық-өнеркәсіптік кешенінің қалыптасуы және дамуы» (1966-1988 ж.ж.) деген тақырыпты ұсынып, бекітеді.

   Тынымсыз ғылыми ізденіс, инемен құдық-қазғандай маңдай тер төккен еңбектің нәтижесінде Қазақстан Ғылым Академиясының тарих және этнология институтының ғылыми кеңесінде Ибат Қамешұлы тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесіне диссертациясын нәтижелі қорғап шықты.

IMG-20200527-WA0037

   Бұдан көйін Ибат Қамешұлы институтта оқытушылық, факультет деканы, институт проректоры сияқты жауапты жұмыстарды заман талабына сай абыройлы атқарып, зор беделге ие болды.

   Ибат Қамешулының студент жастармен жүргізген тәрбие жумыстарындағы қабілеттілігін айтсайшы. Ол тарих-филология факультетінің партия ұйымының жетекшісі болған кезінде, факультет әкімшілігінің қос қанаты болып қана қойған жоқ, ол бүкіл саяси-тәрбие жұмыстарын өз қолына алып, жастардың ақылшысы, қамқоршысы ретінде, біздің көсегемізді көтерткенін қазір рахат сезіммен еске аламыз.

   Жаны жомарт, пейілінің кеңдігі Ибаттың достарының көп болғанының куәсі болып келеміз. Сыйласып, құрмет тұтып, адал дос болған біз білетін кейбір азаматтарды атап көрсек, олар: өте қатты сыйлас, сырлас болған, университет ректоры Асхат Сәлімұлы, Әнес Бисенұлы, Мүсілім Ғабидоллаұлы, Мерген Байболұлы, Бақи Ысқақұлы, Лев Иосифович Белый, Кененбай Өтегенұлы ағасы, Александр (Саша) інісі, Ғарифолла т.б. есімдері ауызға ілінеді. Осы аса құрметті достардың ақ ниет, жақсы қарым-қатынастары оған, жанұясына үлкен тірек болған сияқты.

IMG-20200527-WA0042

   Ибат Қамешулының өмірінің мәнді де, сәнді болуына бар жағдай жасаған, оның әулетінің ырыс-ынтымағын келістіріп, перзенттерін аналық мейіріммен аялай білген жан-жары Сәбила деп білеміз.

   Сіздердің шаңырақтарыңызда бүкіл тәулік бойы, айлар, жылдар бойы достарыңыз, туыстарыңыз жиналатынын кім білмейді.

   Осының бәрі Сәбила - сіздің мінезіңіздің кеңдігі, құдай берген ерекше салмақтылығыңыз бен ақылдылығыңыз деп білеміз.

   Сіз кезінде Ибатпен өткізген жылдар бойы оған үздіксіз жан жылуын төккен жарсыз. Сәбилажан, өсіріп отырған балаларыңыз бен немерелеріңіз таусылмайтын қуанышқа кенелтсін деген тілек айтамыз.

   Ибат - өз ортасынан дара оза шыққан, арды ойлап, дос жинаған, атаның баласы емес, адамның баласы бола білген, артына тәрбиесі мол ұрпақ қалдырған, қамқоры бола білген тұлға.

   Ибат Қамешұлындай жаны таза тұлғаларды қастерлеу, құрметтеу, бағалау, ұлтым деп өтетін үрпақтарға тәлім-тәрбие болуы үшін қажет.

 

 

Жиенбай Бақи,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан тарихы кафедрасының

профессоры

Теги АГУ70 сайттайсойган тайсойғансайты