ЕКЕУІН ТАНЫСТЫРҒАН СПОРТ БОЛҒАН...

ЕКЕУІН ТАНЫСТЫРҒАН СПОРТ БОЛҒАН...

   Баспасөз тарихын зерттеп жүрген тарихшы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы профессор Хисмет Бозанұлы Табылдиевтің жазған мақалаларын арнайы жинап, ара-тұра баспасөз беттерінде жариялап жүрді. "Желаяқ жас тілші" деген мақаласынан Хисекеңнің «Мектеп оқушыларының облыстық III спартакиадасы» деген тырнақалды жарияламасын көріп қалдым. Бұл жариялама «Социалистік құрылыс» газетінің 1956 жылғы 18 шілдесінде шығыпты. Онда диск лақтырудан облысымыздың III спартакиадасында екінші орынды Бақсай ауданының оқушысы Алдамжаров ие болды деп жазыпты.

ЖЕЛАЯҚ ЖАС ТІЛШІ — копия (2)

   Алдамжаров деп отырғанымыз өзіміздің ұстазымыз Зұлхарнай Алдамжаров емес пе деген ой келді маған. Зұлхарнай Алдамжарұлының КазГУ-де оқып жүргенде штанга көтергенін естіген болатынмын. Жалпы спортқа жақын адам дискі де лақтыра алады, штанга да көтеретін болады. 7-7
   Дегенмен, осы мәселені анықтау үшін Зұлхарнай Алдамжарұлымен бір сыныпта оқыған Пак Алексей Тимофеевичке телефон соқтым. Қазір Алматыда тұратын ғалым ағай Зұлхарнай ағайдың мектепте оқып жүргенде спорттың барлық түрімен айналысқан айтты. Кейін КазГУ-де оқып жүрген кезде де күрес, волейбол сияқты спортпен айналысқан екен. Арасында басқа да спорт түрлері бойынша факультет аралық жарыстарға қатысып жүріпті. Тіпті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде ректор болып жүрген кезде де гандболдан облыстық федерациясының президенті болған екен. Бір қызығы сол кезде гандбол спорты Қазақстанда әлі дамымаған болатын.
   Олай болса, Хисмет Бозанұлының мақаласында аталып кеткен оқушы Алдамжаров сол Зұлхарнай Алдамжарұлының өзі болуы мүмкін деген ойға келдім. Осы жарыста бірін-бірі алғаш көрген екі жас кейін әріптес болып бір оқу орнында қызмет атқарды. Шамамен бір жылдары Алматыға барып оқуға түсіпті. Кейін екеуі де Гурьев пединститутына жұмысқа келеді. Қорғауы да қарайлас болды. Екеуі де жоғарғы оқу орындарының ректоры болады. Өле-өлгенше сыйлас адамдар болыпты. Ендеше бұл екі азаматты таныстырған спорт болғанын атап кеткім келеді...

 

 

Амантай Мұхаметалиев,
«Жайық» спорттық-мәдени кешеннің директоры,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің магистры

Теги АГУ70 сайттайсойган тайсойғансайты