ДӘУІРЛЕР ДАУЫСЫ

ДӘУІРЛЕР ДАУЫСЫ

Жалғасы, басы осында 

«Дәуірлер дауысы» тарихи-деректі телешежіресі 5 сериядан тұрады. 2011 жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, Индер ауданы әкімдігінің тапсырысына сәйкес Атырау облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мемлекеттік инспекциясының қолдауымен. Жалпы ұзақтығы: 1 сағат 07 минут 45 секунд «Қазыналы күмбез – кенді аймақ» ІІ серия Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай түсірілген «Дәуірлер дауысы» бес сериялы телешежіре: «Қазыналы күмбез – кенді аймақ», ІІ серия (2011). Атырау өлкесіндегі тау-кен өнеркәсібі дамыған Индер ауданы – геологиялық және гидрогеологиялық сипаты, пайдалы қазбалары жағынан өте күрделі жер қойнауымен ерекшеленеді. Тек қана гипстің жалпы қоры 10-15 млрд. тоннадай. 1934 жылы жер бетіне шығып жатқан 11 кеніштің ашылуы Кеңес Одағындағы боратқа деген сұранысты толық өтеуге мүмкіндік жасады. Алғаш рет 1928 жылы табылған қазақтың кен кәсіпшілігінің басталуы 1935 жылдың үлесінде. Яғни «Индерборстрой» өндірістік кәсіпорынының құрылуы да осы кезден басталады.

Жалғасы бар, осында