БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ филиалы ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың  «Жоғары мектепте оқыту әдістемесі және

халықаралық білім бағдарламалары»  кафедрасының

доценті, педагогика ғылымдарының докторы     Ж.И.Сардарова

 

БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

     Аңдатпа

       Қазіргі білім мен ақпарат үстемдік еткен қоғамда педагогтың білім, білік, дағды, тәжірибесін пайдалана отырып, өзгермелі өмір жағдайына бейімделу икемділігін ғана емес, үнемі кәсіби біліктілігін арттыру қажеттілігін талап етуде. Сол себепті бүгінгі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру күн сұранысынан туындап отырған өзекті мәселе. Авторлар ХХІ ғасырдың ақпараттар мен адами капитал ғасырына сипаттама бере отырып, білім берудің жаңа парадигмасы, өмір бойы білім алу» (Life Long Learning) тұжырымдамасы, оның өзіндік мәні, көпқырлы жақтарын,  үздіксіз берудің тұлғаның шығармашылық әлеуетін  өмір бойы байыту мақсатын көздеудегі  өзіне тән ерекшелігін  жете ашқан. Тақырыпқа сәйкес  бүгінгі білім берудің өмір бойы білім алу тұжырымдамасына негізделіп, құзыреттілік тұрғысынан  қарастырылуының басты негізгі себептері сарапталып,  «кәсіби құзыреттілік»  ұғымына  берілген шетелдік, отандық ғалымдардың берген  анықтамаларына талдау жасалған. Эмоционалды интеллектіні қазіргі педагогтың кәсіби біліктілігінің бір компоненті ретінде қарастыра отырып,  авторлар жеке тұлғаның дамуында, кәсіби салада өзін жүзеге асыруы тек оның өмір тәжірибесіне, біліміне, дағды, қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар эмоционалды  интеллект деңгейіне тікелей  байланысты деп тұжырымдайды. 

      Түйін сөздер: білім беру парадигмасы, білім берудегі құзыреттілік тұғыр,  өмір бойы білім алу тұжырымдамасы, үздіксіз білім беру, кәсіби құзыреттілік, кәсіби мәнді сапалар, интеллект, эмоционалды интеллект.

 

 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ПОВЫШЕНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНОСТИ ПЕДАГОГОВ В УСЛОВИЯХ НОВОЙ ПАРАДИГМЫ ОБРАЗОВАНИЯ

 

Аннотация

        В современном обществе, где доминируют знания и информация, от педагога требуется не только гибкости адаптации к изменяющимся условиям жизни, но и необходимости постоянного повышения профессиональной квалификации, используя знания, умения, навыки, опыт. Поэтому повышение профессиональной компетентности педагогов в условиях новой парадигмы современного образования является актуальной проблемой, вызванной запросом сегодняшнего дня. Авторы описывая ХХІ век как век информации и человеческого капитала подробно раскрывают новую парадигму образования, концепцию обучение в течение всей жизни " (Life Long Learning), ее значимость, многогранность, специфические особенности непрерывного образования в целях творческого обогащения личности на протяжении всей жизни. В соответствии с темой проанализированы основные причины перехода современного образования на компетентностный подход, основанные на концепции обучения в течение всей жизни, на основе всестороннего анализа зарубежных и отечественных ученых сделан анализ понятия "профессиональная компетентность".  Также авторы рассматривая эмоциональный интеллект как компонент профессиональной компетентности современного педагога, утверждают, что самореализация личности в развитии, профессиональной сфере напрямую зависит не только от его жизненного опыта, знаний, навыков, способностей, но и от уровня эмоционального интеллекта.

      Ключевые слова: парадигма образования, компетентностный подход в образовании,  концепция   обучения в течение всей жизни, непрерывное образование, профессиональная компетентность, профессионально  значимые качества, интеллект, эмоциональный интеллект

 

  

TOPICAL ISSUES OF IMPROVING THE PROFESSIONAL COMPETENCE OF TEACHERS IN THE NEW PARADIGM OF EDUCATION

 

Abstract

   In today's society, dominated by knowledge and information, the teacher requires not only flexibility to adapt to changing living conditions, but also the need for continuous professional development, using knowledge, skills, experience. Therefore, enhancing the professional competence of teachers in the new paradigm of modern education is a pressing problem caused by today's demand. The authors describe the XXI century as the age of information and human capital in detail reveal the new paradigm of education, the concept of lifelong learning "(Life Long Learning), its importance, versatility, specific features of lifelong education for creative enrichment of a person throughout life. In accordance with the topic analyzed the main reasons for the transition of modern education to the competence-based approach, based on the concept of lifelong learning, based on a comprehensive analysis of foreign and domestic scientists attempted to clarify the concept of “professional competence.” Also considering emotional intelligence as a component of professional competence of a modern teacher, they claim that self-realization of a person in development, professional sphere directly depends not only on his life experience, knowledge, skills, abilities, but also on the level of emotional intelligence.

     Keywords: educational paradigm, competence-based approach in education, the concept of lifelong learning, continuing education, professional competence, professionally significant qualities, intelligence, emotional intelligence

 

      ХХІ ғасырдың ақпараттар ғасыры, адам ғасыры деген сипаттамасына жүгінсек, білім адам және ақпарат қорын қалыптастырудағы негізгі фактор болып табылады. Сондықтан білімнің жаңа ғасырдағы мәні оның жеке тұлға тағдырындағы мәнділігімен жеке мемлекеттің қауіпсіздігін әлеуметтік, рухани, мәдени өрлеу арқылы қамтамасыз  етумен және жалпы адамзаттың өркендеуіне ықпал етуімен сипатталады.

       Бүгінгі таңда жоғарыда атап өткен білімнің төрт сипаты ішінде білімнің құндылық ретіндегі және білімнің нәтижеретіндегі қырларына аса мән берілуде. Сол себепті де білім жүйесінің соңғы нәтижесі білім алушының жеке пәндер бойынша алған білім, білік, дағдылары емес, оларды пайдалану арқылы қалыптасып дамытылатын өмірлік дағдылар, құзырлықтар болып табылады.

      Білім жүйесі американдық философ, әрі психолог Д.Дьюи атап өткендей, «Үлкен өзгерістерге ие болды. Ол маңызы жағынан, поляк астрономы К.Коперниктің жаңалығына (Күн астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасында шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни «білім алушы тұлғасы  орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның  айналасына шоғырландыра жүргізіледі».

     Қазіргі таңдағы білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздейді.

      Ресей ғалымдарының пайымдауынша, жалпы адамзат үшін бүгінгі күннің басты қаупі - адам қабілеттілігінің оны қоршаған әлемдегі өзгерістер легінен қалыс қалуыжәне оларды қабылдаудағы қарқынды кешігуі. Бұндай тұжырымды  1970-шы жылдардың өзінде-ақ батыстық ғалымдар философтар, социологтар, эдукологтар (білім беруді дамыту теориясы саласы ғалымдары) жасаған еді [1].

      Қазіргі кезде  әлемдік деңгейде кең тарап, басты  бағыт алған «өмір бойы білім алу» (Life Long Learning) тұжырымдамалық парадигма.  Ол 1965 жылы ЮНЕСКО  форумында  Паул Ленградтың  ұсынуымен қабылданып,  адамның барлық өмір бойы  жалғасатын және  үздіксіз үдеріс ретінде білім берудің барлық формаларын, түрлерін, деңгейлерін қамтитын  көпшілік  мақұлдаған халықаралық заң нормасы. Бұл түсіндірмеге сәйкес үздіксіз білім беру барлық жастағы адамдарға арналған және қоғамның барлық біліми әлеуетін, барлық жағдаятты тұлғаның жан-жақты дамуында қолдану мақсатын көздейді. Яғни үздіксіз білім беру ортасында адам, оның тұлғасы, армандары мен қабілеттері және олардың жан-жақты дамуына басты назар аударылады.

     Үздіксіз білім берудің негізгі мақсаты ретінде тұлғаның шығармашылық әлеуетін  өмір бойы байыту қарастырылады. Бұл орайда ресейлік ғалымдардың пікіріне сүйенсек, үздіксіз білім беру – тұлғаның шығармашылық әлеуетінің үдетпелі дамуын және оның рухни әлемінің жан-жақты баюын қамтамасыз ететін тұтас үрдіс. Ол адамға әлеуметтік статусының жағымды түрде өзгеруіне көмектесетін арнайы ұйымдастырылған оқытудың  бірізділікпен көтерілетін басқыштарынан тұрады [2].

     Өмір бойы білім алу тұжырымдамасының көпқырлылығын ескерсек, біздіңше, оның басты құндылығы ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары сатысына көтерілудің және  білімге негізделген ақпараттық қоғам  идеяларын алға жылжытудың  бір құралы болуында.  Сондықтан да қазіргі ақпараттық қоғамның білім беру жағдайында объективті үдерістерді бейнелейтін жаңа анықтамалық ұғымдардың енуі заңды құбылысқа айналып отыр. Біз үшін интерактивті әдістер, виртуалды орта, интерактивті білім беру сияқты ұғымдарды қолдану үйреншікті болуымен қатар, қолдану қажеттілігіне айналуда. Олар ең алдымен, оқыту үдерісінде  интербелсенділігімен, ынтымақтастығымен сипатталады, яғни кері байланысқа құрылған топтық жұмыстарды ұйымдастыруға, жағымды ахуал тудыруға бағытталуы.      

       Бүгінгі құзыреттілік тұғыры парадигмасы жағдайындағы өзекті мәселелердің бірі - педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.  Жалпы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру проблемасы ең алдымен,  оқушыны тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған іс-әрекет. Сол себепті де маңызды әлеуметтік педагогикалық проблема болып табылады және  ол педагогика, психология, акмеология, андрагогика, кәсіби психология сияқты бірнеше ғылымдар торабында тоғысқан, өйткені оның құрамын когнитивті, операционалды-технологиялық компоненттермен қатар, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлық құрайды.

     «Кәсіби құзыреттілік» ұғымы ХХ ғасырдың 80-шы жылдары педагогикалық еңбектің сапалық сипаттамасы ретінде қолданылғанмен, бұл ұғым құрамына енетін элементтер педагогикалық іс-әрекеттің бағасы ретінде түрлі тарихи кезеңдерде педагогтардың зерттеу жұмыстарында орын алды.

Соның дәлелі ретінде отандық ғалым Н.Н.Нурахметовтың  жақсы мұғалімге берген өлшемдерін (критерийлерін) атап өтсек, «ең алдымен балаларды жақсы көретін адам; екіншіден, өзі оқытатын пәнінің негізін құрайтын ғылымды жақсы білетін адам;үшіншіден, психология мен педагогиканы білетін адам; төртіншіден, кез келген еңбек әрекетіне қажетті дағдыларды жақсы меңгерген, өз ісінің шебері... Білімі терең болған сайын мұғалімнің дүниетанымы кең, жан-жақты ғылыми білімдарлық және көп жағдайда ол тек оқытушы ғана емес, сондай-ақ тәрбиеші».

      Құзыреттіліке қатысты ұғымдар бойынша шетелдік, отандық ғалымдардың  зерттеу жұмыстары жеткіліктігіне қарамастан, толық бірізділік жоқ деп айтуға болады. Соңғы жылдардағы қазақстандық ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында құзырет, құзыреттілік, кәсіби құзыреттілік ұғымдарына келесі мазмұнда анықтама берілген: «құзырет» -  жеке тұлғаның қандай да бір мәселелерді шешуге, іс-әрекетті орындауға деген құқықтылық мүмкіндігі; «құзыреттілік» - жеке тұлғаның теориялық білімі, іскерлігі, дағдысы мен тәжірибесімен өзара байланысқан сапаларының  жиынтығы; «кәсіби құзыреттілік пәндік білімдер, іскерліктер жиынтығын күнделікті кәсіби қызметте шығармашылықпен қолдана алу.

Нақты кәсібіне сәйкес маманның шеберлігі кәсіби құзыреттілік ұғымымен сипатталады. Құзыреттілік кәсіп талаптары деңгейіне сәйкестігінің жеке сипаттамасы болып табылады, құзыреттілікті адам еңбегі қорытындысының сипатына қарай анықтауға болады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі ұғымы педагогикалық міндеттерді өз бетімен және аса тиімділікпен орындауға мүмкіндік беретін мұғалімнің жеке мүмкіндіктерін қамтиды. Сол себепті де мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің ең маңызды құрамын педагогикалық іс-әрекеттің нақты түрлерін өз бетімен орындауға деген дайындығы, кәсіби міндеттерді шешуге және  өз еңбегінің қорытындысын бағалауға деген іскерлігі, өз бетімен мамандыққа сәйкес жаңа білім, білік жинақтау қабілеттілігі құрайды.

Қазақстандық ғалым С.З.Байхонованың пайымдауынша, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі - бұл ғылыми-теориялық, әдістемелік және педагогикалық-психологиялық дайындықты, сонымен қатар кәсіби және шығармашылық іс-әрекет іскерлігінің кіріктірілген сипаттамасы мен жеке тұлғаның кәсіби мәнді сапаларын дамытуын қамтиды. Сондай-ақ тұлғаның кәсіби мәнді сапаларына  рефлексиялық, икемділік, эмпатия, коммуникативтілік, ынтымақтастық қабілеті, эмоционалды тартымдылық, студенттердің қажеттіліктеріне сезімталдық, өзін-өзі сынау, ұтқырлық, яғни бәсекеге қабілеттілікті жатқызады [2].

Бұл орайда біз ресейлік ғалым М.И. Лукьянованың тұлғаның кәсіби мәнді сапалары ішкі шарттар ролін атқаратынын және олар арқылы өткен сыртқы сипаттамалар мен іс-әрекет талаптары педагогтың құзыреттілігіне айналады деген тұжырымды толық қолдаймыз. Өйткені жеке тұлғаның мәнді сапалары әлеуметтік ортадағы кез келген іс-әрекеттің негізін құрайтыны анық. Сол себепті де бүгінгі таңда педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуда тұлғаның ішкі сапаларына, оның эмоционалды интеллектісіне ерекше мән бөлінуде.

Тұлғаның кәсіби жетістіктері ең алдымен оның білімімен, қабілеттерімен, дағдыларымен, жан-жақтылығымен және кеңінен ойлай білу қасиеттерімен, яғни жалпы интеллект деңгейімен байланыстылығы анық. Алайда шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, интеллект көрсеткіштері бізге өмірлік жетістікке жетудің  басты факторы бола алмайтындығын дәлелдеп отыр. Мысалы, тұлғаны бағалаудың соңғы деректеріне сүйенсек, барлық жұмыс түріндегі адамның  34% - ақыл-ой интеллектісі  және 66% - эмоционалды интеллект құрайтындығы  анықталды.  Яғни тұлғаның табыстылығында оның интеллект деңгейі  мен  әлеуметтік ортада тиімді әрекеттесу орнату арасындағы сәйкессіздіктердің орын алуы.  Сол себепті де қазіргі таңда эмоцияға  басты назар аударылып отыр [3]. 

Эмоционалдық қабілет – интеллектіні қоса алғандағы тұлғаның өз дағдыларын қаншалықты дұрыс пайдалана алатындығын анықтайтын метақабілет болып табылады  [3].

      Эмоционалды интеллект – өзінің және өзге адамдардың эмоциясын түсіну, сондай-ақ өзгермелі қоршаған ортаға және өзгермелі талаптарға эмоциялық бейімделу қабілетінен тұрады. Эмоционалдық интеллект деңгейі жоғары адамдар өзге адамдардың эмоциясы мен сезімдерін едәуір жақсы түсінеді, өзінің эмоциялық өрісін басқара біледі, сондықтан олардың қоғамдағы мінез-құлқы анағұрлым лайықты, икемді болып келеді, әрі айналадағылармен өзара қарым-қатынаста өз мақсаттарына оңай қол жеткізеді.

      Біздің пікірімізше, эмоционалды интеллектіні қазіргі педагогтың кәсіби құзыреттілігінің бір компоненті ретінде қарастырудың өзектілігі ең алдымен, бүгінгі ақпараттың жедел дамыған ғасырында оқытушының кәсіби міндеті оған кез келген жағдаятта жағымсыз ахуал тудырмай,  үнемі ішкі эмоциясын тежеу жасауы негізінде денсаулығына,  тұлғалық дамуына, кәсіби өсуіне   деген елеулі зияндылығын ескермеуі. Екіншіден, бүгінгі күн талабына сай  эмоционалды интеллектісі жоғары бәсекеге қабілетті құзыретті мамандарға деген қоғамдық сұранысқа сәйкестігімен түсіндіріледі.  

      Алғаш рет EQ - emotional quotinent, эмоционалды коэффициент терминін  IQ – интеллект коэффициентінің баламасы ретінде 1985 жылы клиникалық физиолог Рувен Бар-Он қолданған болатын. Ол эмоционалды интеллектіге «тұлғаның қоршаған орта талаптары мен әсерлеріне (қысымына) оңтайлы жауап бере алу қабілеттілігі, ортаға оңай бейімделуге ықпал ететін эмоциялық, жеке және әлеуметтік қабілеттер жиынтығы» деп анықтама берді.

       Кейін 1990 жылы Джон Мaйер мен Питер Сaлоуей  өздерінің бірлескен «Эмоционaлды интеллект» aтты мaқaлaсын жaрыққa шығaрып, ғылыми айналымға «эмоционaлдық интеллект» түсінігін енгізді. Олардың тұжырымдауынша, эмоционалды интеллект– әлеуметтік интеллектінің компоненті, өз сезімдері мен өзге адамдар сезімін қадағалау, оларды ажырата білу және ол ақпаратты өзінің ойын, әрекеттерін басқару үшін қолдану қабілеті. Авторлар ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде эмоционалды интеллектінің дамуы тұлғаның үйлесімді, тұлғалық дамуына игі ықпалы  басым деген қорытынды жасады. Соңғы кезде бұл мәселе бойынша ресейлік, қазақстандық психолог-ғалымдардың зерттеу жұмыстарының артуын осы тұжырыммен  байланыстыра аламыз.  

        Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз эмоционалды интеллект – бұл өзінің және өзгелердің эмоцияларын түсіну, өзінің және өзге адамдардың эмоцияларын басқара білу қабілеті, осы білімдерді белгілі бір мәселелердің туындау себебін анықтауда тиімді қолдану және оларды шешу қабілеті деп нақтылаймыз. Осыған орай, жеке тұлғаның дамуында, кәсіби салада өзін-өзі жүзеге асыруы тек оның өмір тәжірибесіне, біліміне, дағды, қабілеттеріне ғана емес, сонымен қатар эмоционалды  интеллект деңгейіне тікелей  байланысты деп тұжырымдаймыз.  Бұл өз кезегінде, эмоционалды интеллектіні қазіргі педагогтың кәсіби құзыреттілігінің басты компоненті ретінде қарастыруға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының   қарқындылығын арттыруды талап ететіндігі сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Дуйсебекова Ж. Е. Компетентностный подход как современная парадигма иноязычного образования в Казахстане // Молодой ученый. — 2018. — №23. — С. 415-418.

2. Байхонова С.З. Организационно-педагогические условия развития профессиональной компетентности педагогов в процессе повышения квалификации. : автореферат. на соис. ученой степени кандидата пед.наук. - Астана, 208.- 24 с.

3. Под ред. А.М. Ким. Диагностика и развитие эмоционального интеллекта преподавателя вуза. Алматы, 2016.- С.181.