АТЫРАУЛЫҚ БОЗДАҚТАР

АТЫРАУЛЫҚ БОЗДАҚТАР

Жалғасы, бас осында

Құбаев БЕРІК ӨТЕМІСҰЛЫ, 1960 жылы 8 қарашада Гурьев облысы, Исатай ауданында туған.

КСРО Қарулы Күштері қатарына 1979 жылы 14 сәуірде шақырылған.

1979 жылдың желтоқсанынан Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында қатардағы жауынгер болып әскери борышын өтеген.

1980 жылы 27 маусымда Балх уәлаятында хабарсыз кеткен.

Ауғанның жері. Таңатар Дәрелұлы (ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі):

 

Никто не помнит этих «шурави». Олег Квятковский:

Спустя уже ровно шесть лет после вывода войск СССР из Афганистана, не возвратившихся с войны ждут только их родители.

Что на любой войне всегда страшнее смерти? Только плен. Жизнь после жизни, где рубеж – одно мгновение, а мука способна растягиваться на года уже не физической болью, а лишь неизбывной, единой тоской. «Не дай мне плена», - я молился в чреве АН-12, тащившего синие ящики с минами над Гиндукушем в Шиндант. И единственный пассажир расстегнул кобуру, сжал ПМ уже намертво, чтобы, если собьют-изувечат, в руке для последнего выстрела он оставался. «Не дай бог попасть к врагам», - я шептал одинаково: и когда холодел над брезентовым липким мешком, где накрошенный мелко лежал вертолетчик-украинец, и когда, за момент, озверев, эти юные парни-разведчики на куски стали рвать и бить током по голым ногам с боем только что взятого моджахеда…

Но последняя пуля себе сквозь висок, но гранату под сердце и чеку долой, когда руки врага уже рвут окровавленную тельняшку, - выходило отнюдь не у всех, не всегда. Самым  первым из нашенских журналистов я взял только что вынутый из компьютера «точный на 100 процентов» реестр. И было в нем 312 фамилий тогда, поздней осенью восемьдесят восьмого.

Они не вышли из-за речки, была неясной их судьба. В извилистой истории страны, надломленной этой войной уже смертно и незаживаемо, они остались навсегда в заложниках Афгана.

С того списка пропавших отлично и долго кормились политики. Он стал точкой отсчета для неповторимого рейда Владимира Снегирева, прекрасного журналиста, орденоносца-афганца, в пещерах Ахмад Шах Масуда и Гульбетдина нашедшего наших ребят.

Судьба многих из списка нашла потом свое самое подтверждение. Судьба очень немногих окончились возвращением в отчий дом, где их до сих пор отогреть и узнать не могут. Кто-то начал иной отсчет – дом за крепким дувалом, ислам и гортанный пушту, стерший начисто все остальные наречия…

Считается, что сегодня в живых на афганской земле остается не более 20 бывших наших солдат. На разломленной родине о них думают нынче лишь только стремительно уходящие в старость матери и отцы.

Уже пять лет подряд приезжает ко мне аксакал из далекого Ганюшкино. Ветеран труда Утемис Кубаев 15 лет ищет сына Берика, взятого в плен под Кундузом.

Он везет ко мне в Алма-Ату те же самые истончающиеся листочки. «Водитель, рядовой Кубаев Берик, 1960 года рождения, пропал без вести 27 июня 1980 года, оказывая интернациональную помощь по защите афганской революции. Командир ВЧ №65753 подполковник Избарин, начальник штаба майор Пасека».

Утемис ага и его жена, школьный учитель Кульчат, просто знают, что Берик живой. Им видение было, у них были вещие сны.… Ну, а эти толстенные папки с отписками из штабов-министерств «знать не знаем и ведать не ведаем, пропал и пропал» - Утемис-ага попросту не замечает сегодня.

За 15 лет поисков отец узнал, что был взят Берик в плен не один, а со всем БТРовским экипажем, где был парень из Аркалыка Закиров и где был Зуфаров, башкир. Отыскал и в беде породнился с родителями сослуживцев сына. Было сил чуть-чуть больше – надеялся сам побывать у кундузских дувалов и найти следы Берика, вечно свежие для родного отца.

Теперь не надеется сесть на кошме рядом с воинами Кундуза и прямо взглянуть им в глаза. Эта «ближняя» жизнь завершается. Но лишь Берик, любимый и старший из всех шестерых детей, все же должен сходить за муллой и прикрыть – навсегда уже – папе глаза.

Мы пьем чай в моей кухне, молчим. «Свой» Афган помню я до последней секунды. Но о нем говорить Утемису Кубаеву просто не в силах.

Какие же страшные отметки нам нынче дарит календарь: шесть лет, как вышли из Афгана, уже два месяца, как ворвались в Чечню…

Детям Берика нынче могло быть уже столько лет, сколько детям его одноклассников. Эти парни живы в памяти отцов. А те их ждут и ищут, пока сами живы…

Беріктің қарындасы Гүлфара Құбаеваның естелігінен:

Адам баласы өмірге келген соң ұрпақ сүйіп оның қызығына бөленуді армандайтыны шындық. Отбасындағы әр баласының орны бөлек, өзгеше әлем екені ата-анаға ғана аян. Қарапайым еңбек адамы атанған әкем Құбаев Өтеміс пен анам Сарсеева Күлшат көз қуаныштарына айналған біздерді - 2 ұл, 4 қызды адам асыл қылып тәрбиеледі. Барлығымызға жоғары білім алуымызға жағдай жасады. Қызметке тұрып, елдің тыныш-тіршілігіне араласқанымызды көрді. Көрді де қуанды: ұрпағының өздері салған сара жолдан таймай көпшіл, ақжарқын, алғыр, білімді болғандығына шүкіршілік етті. Әттең, алдымыздағы  әкемізден кейінгі арқа сүйер панамыз, ағамыз Серікке қолқанат Берік ағамыздың    тағдырының жүрекке салған жарасы болмаса...

Адалдыққа уызынан жарыған, намыс отын қолдан бермейтін ағам Берік орта мектепті ойдағыдай тәмамдап, дене-шынықтыру пәні бойынша жоғары оқу орнының студенті   болуды армандайтын... Жастайынан спортпен айналысып, шымыр өссе де ағамның  жүрегінен ақау табылып, өзі армандаған институтқа қабылдана алмады. Берік мектепте оқыған кезінде өте зерек болатын, айналасына дос жинай білетін. Ол мектептегі барлық дерлік шаралардың ұйытқысы болатын. Сыныптағы ұлдардың өзара туындаған мәселелерін шешу, ұйымдастыруда ешкім оның алдына шықпайтын. Оның мектептегі беделі өте жоғары болатын, оның пікірімен санасатын. Бірде бір спорт сайысы Беріксіз өтпейтін.

Берік ағамыздың мектепте алған марапаттары өте көп.

Мектеп бітіріп, ата-ананың қанатынан босап, үлкен өмірге енді бет алған 18  жасар ағам  кез-келген ер-жігітке тән әскери міндетін өтеуге аттанбақшы болды. Көзі ашық, көкірегі ояу, сауатты әкемнің көзінің қарашығындай қос ұлының бірі, ағасының тынысы Берігін осы іске жібермей алып қалуға толық мүмкіндігі болғаны шүбәсіз шындық болатын...

Бірақ Отан алдындағы борышын қай жерде болса да өтеуге міндетті екендігін өзінің қасиетті парызы деп санаған ағам алған бетінен қайтпады. Бала жасынан сырласындай сыйласып өскен  ұлының бойына біткен қайсарлығына, алдына қойған мақсаттылығына риза болған ата-анамыз белді бекем буып, жіберген жерге аттанып бара жатқан ағамызға ақ жол тілеп, алладан аман оралуын ғана тілеген болатын...

Алғашқыда Чехославакия жерінде әскери борышын өтеуге кіріскен ағамнан елге деген амандық пен сағынышын арқалаған үшбу хаттар жиі келіп тұрғандықтан, ата-анамызбен қоса бауырлары біздің де көңіліміз орныққандай болған...

2 Құбаев

1979 жылы 27 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобының Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы алған шешіміне сәйкес әскери міндетін ауған жерінде өтеуге аттандырылған 18 жастағы өрімдей жастар қатарында менің ағам Берік те болатын. Елдегі ахуалдан толық хабарлы ата-анам, бауырларым бәріміз елеңдеп әскер қатарындағы ағамнан асыға, сағына хабар күтетінбіз. Бала күнінен салмақты, әр ойын байыпты жеткізетін ағам қару асынып, дәл қайнаған қанды майдан ошағында жүрсе де, елдегі бізге тек жақсы хабар, өзінің аман-сау екендігін нақтылап жеткізетін еді.

Қайран, асыл ағам!.. Сонда өзін ойлап әкеміздің қабырғасы қайыспасын, анамыздың жүрегі сыздамасын, аға-қарындас бауырларым алаңдамасын дегені екен ғой...  

Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысының он жылға созылғаны белгілі. Мұнда қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың бір ғана міндеті - бала жастан санамызға сіңірілген патриоттық тәрбие - Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді. Осы міндетті менің ағам асқан абыроймен атқарды деп ойлаймын...

Төбеден жәй түскендей шаңырағымызға келген қаралы хабар әкем мен анамды бауыр еті баласынан, арманшыл ұлынан, бізді қимас бауырымыздан айырды. Дәл осы сәттерді айтып жеткізу мен үшін қанша уақыт өтсе де ауыр тиер жүректегі жара... Ата-анам үшін мазасыз күндер мен түндер, біздер үшін елеңдеу, жаңалық күту жалғаса берді. Балапанын қорғаштаған қарлығаштай әкем ұлын іздеуден жалықпады. Дос-жарандарының, сыйлас адамдарының көмегі арқылы әкемнің қақпаған есігі, бармаған құзырлы орындары қалған жоқ. Барлығы да келісіп қойғандай «Үміт үзбеңіз..!» деген жауаппен шығарып салатын. Бауыр еті балаларының енді қайтып келмесін саналарына сіңіре алмаған менің ардақты ата-анам мәңгілік сапарға аттанғанша ағамды елеңдеп іздеумен, сарғая сағынумен, көкірегін  өртеген шерді сабырлықпен тұмшалап, қалған балалары біздерге сездірмеуге тырысып өтті.

Ауған жерінде ағаммен қатарлас қаншама қазақстандық, әскери жолдастары қыршыннан қиылды. Егерде олар тірі қалса бүгінде отбасын құрып, ұрпақ сүйіп, бейбіт өмірде қызмет өткерер ме еді, кім білсін?.. 

Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар,

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өзіңізді жырлап өтер бауырлар,

Ауғандағы қан соғыстан оралмаған ағалар, - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, заманаларға жалғаса береді.

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз.

3 Құбаев

Ауғанда өлген сол боздақ! Таңатар Дәрелұлы (Құрманғазы ауданы):

Жамылғанмен топырағын сол елдің,

Сол бір ерлік деуге келмес, көнерді.

Кімге жар боп бұйырды екен кейіннен,

Сүйген қызы болған шығар, сол ердің.

Әлгі ару да, жар болғанмен өзгеге,

Бір сиқыр күш жанын баурап, төзбеген.

Оңашада еске түсіп, оғылан,

Ерік берер сезімге де, көзге де.

Ерлік қалды, келмейді ол, мың күрсін,

Деп жіберген жаудың белін сындырсын.

Сүйген қызы бүгін егде тартқанмен,

Сағынышпен ойлайды әлі, кім білсін?!

Ойламаса, өзі-ақ білсін, сол қыздың,

Жапырақпен жабылады жол күзгі.

Туған жері, ұмытпайық біз онда,

Оралмаған боздағымыз – сор біздің.

Біліп-білмей жатқанында кейде есін,

Қан-қан болған шешіп алып жейдесін.

Басқан шығар кеудесіне соңғы рет,

Әлгі қыздың, сүйген қалқа, бейнесін.

Ол қыз онда солқылдаған тал шығар,

Түн көз ілмей ауыр ойға жаншылар.

Бұл өмірде бәрі дағы мүмкін ғой,

Осы ортада құдай білер, бар шығар?!

Жұмсады Отан, ол адал ғой ісі аппақ,

Оқ қиды оны, түспеді өзі пышаққа.

Сезінемін, жан кеудеден шығарда,

Өлгендігін махаббатын құшақтап.

 

Ермекова А.Ә. "АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АТЫРАУЛЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ШЕЖІРЕСІ".

Алматы қаласы. 2017 ж., 600 б., бб. 100-105

Жалғасы бар