ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Арайлы Ақтөбе – шешең, билердің, ғалымдардың, қазақтың құнар нәрі, тәрбие тұнған қастерлі өңірі. Төскейі пейіш осынау дархан өлкенің дарабоз перзенттерінің бірі – ғұмырын ғылым мен білімге, ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз Исенов Өтеген Ихсанұлы.

Ол, 1959 жылы 25 желтоқсанда Ақтөбе облысы Алға ауданының  Бесқоспа елді мекенінде дүниеге келген. 1981-1986 жылдары Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, оны «Тарих, қоғамтану және советтік мемлекеттік право мұғалімі» біліктілігімен аяқтаған. 1986-1992 жылдар аралығында Гурьев (қазіргі Атырау қаласы) облыстық тұтынушылар одағының кооперативтік-техникалық училищесінің оқытушысы қызметін атқарған. 1992-1996 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы. 1996-2001 жылдары Қостанай қаласындағы «Алдамжаров» атындағы  ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, 2001-2004 жылдары А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Отан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, 2004 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Қазақстан тарихы каферасының аға оқытушысы қызметін атқарып келеді.

IMG-20190515-WA0002

Ғылым зор еңбек пен ізденісті талап ететін сала. Оған ат үсті қарауға болмайды.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, – деп данышпан Абай бекер айтпағаны ақиқат. Осыған, ғылымды шексіз сүйіп, тарих толқынында бірге тербеліп, ғылым жолын қалыптасырған Өтеген Исеновты дәлел етіп алсақ орынды болмақ.

  Өтеген Исенов, орта ғасырдағы тархандар институты мен XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы Ресей патша үкіметі заңдастырған тархандық атақ пен тархандық институттың өзіндік ерекшеліктері мен құқықтық пәрменділік жеңілдіктерінде елеулі  айырмашылықтарын айшықтап берді.

Осы бағытты ол өзінің кандидаттық диссертациясының өзегі етіп алды. Айталық, 2009 жылы «Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (XVIII-XIX ғғ.)» деп аталатын диссертациялық жұмысын сәтті қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ол атаққа ғылымға қосқан өлшеусіз еңбегінің арқасында жетіп отырғаны мәлім.

IMG_0698

Біріншіден, тархандық институттарының қалыптасу, даму тарихын саралау арқылы оның көне заманнан бастау алатындығы, олардың ел ішінде өзіндік орны болғандығы, сонымен қатар, тархандықтың құқығы мен міндеттері анықталды. Екіншіден, Ресейдің Қазақстанды отарлау барысында тархандық институтты өз пайдасына бейімдеп, соның жолындағы саясаттары, башқұрттарда жүзеге асыру жолдарын пайдалану барысы дәлелденді. Үшіншіден, XVIII ғасырдағы алғашқы қазақ тархандары – Жәнібек Қошқарұлы мен Есет Көкіұлының т.б. Ресеймен, Жоңғармен, Хиуамен т.б. көршілес халықтармен байланыстары тарихи жаңа тың деректермен толықтырылды. Төртіншіден, қазақ мемлекеттігін сақтаудағы тархандар ролі нақтыланып, Ресей, Жоңғарияға тағы өзгеге қарсы күрестегі тұлғалық қадір-қасиеттері сараланды. Бесіншіден, қазақ тархандарының халқымен бірлігі жүзеге асқандығы, олардың елі үшін атқа қонғандары Сырым, Жоламан тархандар тарихы арқылы дәлелденді. Алтыншыдан, қазақтың дәстүрлі басқару институттары жүйесіндегі тархандар институтының ерекшеліктері, артықшылықтары талданып, сұлтандар, батырлар, билер институттарымен салыстырылды, – дейді тарихшы.

Ғалымның айтуынша, зерттеу барысында, аталы-балалы тархандар әулетінің ұзын саны мен есімдерін анықтаған. Олар төртеу: 1. Арғын Жәнібек Қошқарұлы, оның баласы – Дәуітбай Жәнібекұлы, немересі – Мұса Дәуітбайұлы. 2. Байбақты Сырым Датұлы, оның балалары: Жүсіп Сырымұлы және Қазы Сырымұлы. 3. Табын Тіленші Бөкенбайұлы, оның баласы – Бостыбай Тіленшіұлы және Жоламан Тіленшіұлы. 4. Алаша Сыпыра Қарабатырұлы оның баласы – Кунгуз (Көккөз,-Ө.И.) Сыпыраұлы – немересі Сүлеймен Көккөзұлы. 5. Тама Есенбай Қожабекұлы, оның балалары: Хайрулла Есенбайұлы, Абдрахман Есенбайұлы, Мұхамедғали Есенбайұлы.

Бұл деректер Қазақстанның тарихына қосқан үлес болып қамақ.

Еселі еңбек өз жемісін беріп, Өтеген Ихсанұлы марапаттан да кенде қалған жоқ. 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігігің 20 жылдығына орай «Қостанай облысының ғылыми және инновациялық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігігің 20 жылдығы құрметіне» Қостанай облысының әкімінің Алғыс хаты табысталды.

IMG-20181004-WA0013

Білім беру саласындағы ерекшелігімен көзге түсіп, 2014 жылы «ЖОО үздік оқытушысы 2014» атағына ие болған.

Қостанай өңірінің тарихы тереңде, қойнауы мұраға бай өлке. Осынау тасқа қашалған тарихты таңбалап ұдайы көрерменге жеткізу телевизия маманы мен газет-жорналшылардың міндеті. Ол, әрине сол тарихты анық білетін тарихшы-ғалымдардың көмегімен жүзеге аспақ. Осы тұрғыдан алғанда Өтеген Исенов, өңір тарихын көгілдір экраннан берілген тарихи бағдарламалар арқылы насихаттап тұрды. «Телевизиялық жыл адамы – 2016» атанғаны да осының септігі.

Өтеген Ихсанұлы тарихи циклдің теориялық курстарын әзірлеуге үлкен үлес қосты, 300-ге жуық тарихи, әдістемелік, ғылыми мақалалардың авторы. 5 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, оның ішінде монографиялардың авторы. Бұл еңбектері қалалық, облыстық, республикалық басылымдарда ұдайы жарияланып келеді.

Профессор Өтеген Исенов элективті пәндер бойынша: «Шетел қазақтарының тарихы», «Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің теориялық-методологиялық мәселелері», «Номадизм феномені», «XVIII-XIX ғғ. ұлт-азаттық қозғалыстардың теориялық - методологиялық мәселелері» атты 4 авторлық бағдарлама әзірледі.

Жыл сайын Өтеген Исеновтың жетекшілігімен дипломдық және курстық жобалар қорғалады. Оқытушы оқушылардың аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларының пәндік секцияларының қазылар алқасының жұмысына белсенді қатысады.

Оқытушы үшін – «профессор» дәрежесі құнды болып саналмақ. Өйткені, тірнектеп жиған білімді дәл, ұғынықты етіп студент санасына сіңдіру шын оқытушының ғана қолынан келмек. Өтеген ағамыз осы атаққа қол жеткізді, 2018 жылы Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры атанды.

Бүгінде Өтеген Ихсанұлынан дәріс алып, өнегесін көрген студенттері баршылық. Олар түрлі салада абыройлы еңбек етіп, ұстаз мерейін асқақтарып жүр. 2006 жылы 4 жыл жетекшілік етіп түлектерін аттандырған болатын. Бүгінде әрқайсысы үйлі-барады. 10 жылдық болған сәтте арнайы кездесу де ұйымдастырған.

– Тарих, құқық және экономика негіздері мамандығы студенттеріне 4 жыл жетекші болдым. Қазір сол студенттеріммен мақтанатын дәрежедемін. Асылболат Мырзагалиев «ASYL GOLD INVES» ЖШС, «INFOSET» ЖШС директоры, Б. Момышұлы медалінің иегері, ел эконмикасын көркейтуде халықаралық компаниялармен бірлескен жұмыстар атқарып жатыр. Уалихан Кабыкен болса «INLOVE GPOUP» халықаралық компания директоры, Ботагөз Өміржан Астана қаласында №40 мектеп-лицейінде тарих пәні мұғалімі, Сауле Бултаева Денисов ауданы Балалар шығармашылық мектебінің директоры, Жансая Исмайлова Қостанай қаласы білім бөлімінің №28 мектеп-гимназиясының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Мешит Ғазиз «Акжол» парииясының Қостанай филиалының аппарат башысы, Анара Нугуманова Нұр-Сұлтан қаласында «Тайқазан» ЖШС бас есепші,  Индира Ескалиева ҚМУ әскери-кафедра қызметкері. Міне, 10 жыл уақыт өткен соң мені ұмытпай арайы кездесу ұйымдастырып, шақырды, – дейді Өтеген Исенов.

Шәкірттер ұстаз тағылымын әркез айтып жүреді. Бүгінде шәкіртерінің біраз бөлігі мектеп пен жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметте.

MGV_2060

– Өтеген ағай жайлы көп дүние айтуға болады. Ол кісінің салмақтылығының өз бір төбе. Әркез ерге тән мінезімен ерекшеленді. Студенттерінің әр қайсына қамқорлықпен қарайтын еді. Біреуге жекіп, дауыс көтергенін ешқанан естігенде, көрген де жоқпын. Сабақ беру әдісі ерекше еді. Студенттердің ойымен әркес санасып, талдау, таразылау жүргізетін. Тарихи тұрғыдан көзқарастарын қалыптасуына мән берді. Өңір өлкесін білу, Қостанай облысының тарихын тану жұмыстарына баулу, болашақ ұстаздарға осы бағытта көп жұмыстар жүргізді. Ағай, қай нәрсені болмсын алыстан ойлайтын. Ол кісінің ұдайы айтатын бір сөзі есімде қалып қайды, «жақсы адам қастарыңда жүреді, соны тани біліңдер» деп айтатын ағай, – дейді шәкірті Жансая Исмайлова.     

Туған елдің тарихын білу әр азаматтың парызы саналады. ал, тарихта қалатын кісілердің бірі – Өтеген Исенов болуы әбден мүмкін. «Алты Алаштың басы бір жерге қосылса, төрдегі орын ұстаздікі» деген сөз Өтеген Ихсанұлына қарата айтылғандай...

 

Сералы МЫРЗАБАЙ,

                                                                                                               «Біздің Қостанай» газетінің редакторы
Теги университет тайсойғансайты