ӘДІСКЕР ҰСТАЗ: БІЛІКТІ БАСШЫ

ӘДІСКЕР ҰСТАЗ: БІЛІКТІ БАСШЫ

   Гурьев педагогика институтының 1982 жылғы түлегі Сабирова Майра Тілепбергенқызы 1961 жылы 12 қазанда Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Новобогат селосында қазіргі Хамит Ерғалиев атындағы ауылда дүниеге келген.

   1982 жылы Гурьев педагогика институтын математика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, Жамбыл атындағы орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа орналасты.

САБИРОВА МАЙРА 1

   Майра ханым 1986-1989 оқу жылдары аралығында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1989 жылдың қарашасынан аудандық білім бөлімінің бұйрығымен Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры қызметіне тағайындалып, бүгінге дейін өз жұмысын абыроймен, шығармашылық жетістіктермен атқарып келеді.       

   Сабирова Майра Тілепбергенқызы 30 жылға жуық өзі басқарып отырған ұжымда оқу-тәрбие үрдісін жақсартуда, білім саласында педагогикалық жаңалықтарды батыл енгізуде, мұғалім ізденісі мен оқушы білімін көтеруде облыстық, республикалық деңгейде үздік жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Майра Тлепбергенқызының өзі басқарған мектебін аудан көлеміндегі тірек мектебіне айналдырудағы үздіксіз ізденісі мен тынымсыз еңбегі өз әріптестері арасында үлгі - өнеге. Еңбек жолында бірнеше рет «Жыл мектебі», «Ең үздік мектеп», «Таңдаулы мектеп», «Ауыл мектебі», «Үздік мектеп директоры» байқауларының І, ІІ дәрежелі дипломдарына ие болды.

   Майра Тілепбергенқызы шәкірттерге математика пәнінен дәріс беріп, «Жаңартылған мазмұнда білім беру аясында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту» проблемалық тақырыбында шығармашылықпен еңбек етіп келеді. Ізденіс үстіндегі ұстаздың деңгейлік тапсырмаларды пайдалана отырып, жасақтаған тест жинақтарын, «Геометрия» курсы бойынша құрастырған бақылау жұмыстарын әріптестері әдістемелік құрал ретінде пайдалануда.

   1999 жылдан «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі. Индер ауданы бойынша облыстық маслихаттың сайлау комиссиясының төрайымы. Аудан көлеміндегі қайырымдылық шараларына қатысады, «Ізгілік», «Қазақ тілі» қорының жарнашысы.

   2008 жылы Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің «Үздік қызметкері» төсбелгісімен», 2011 жыл Атырау облысы Білім беру Басқармасының «Алғыс хатымен», 2013 жылы Атырау облысы әкімінің  «Алғыс хатымен», 2014 жылы Республикалық «Бейбітшілік әлемі»  бірлестігінің «Құрмет грамотасымен», 2015 жылы Қазақстан Маслихатының 20 жылдығына арналған медалімен, Халықаралық «Большая международная энциклопедия» жобасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

САБИРОВА МАЙРА 2

   2015 жылы оқушылардың республикалық «Зерде» кіші ғылыми қоғамы сайысына оқушысы А.Үмітқалиева қатысып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ІІІ дәрежелі Дипломымен және «Дарын» орталығының арнайы Сертификатын иеленді.

    2016 жылы оқушылардың облыстық «Зерде» кіші ғылыми қоғамы сайысынан оқушысы М.Қатапов математика секциясы, Н.Болат информатика секциясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, республикалық бастауыш сынып оқушылары арасында өткен математика олимпиадасында оқушысы Е.Бекбай ІІ Дәрежелі Грамотамен марапатталды.

САБИРОВА МАЙРА 3

   2016 жылы «Нұр Отан» партиясының сайлау алды іс – шараларында азаматтық белсенділігі үшін Қазақстан Республикасы Партия Төрағасының Бірінші орынбасары А. Мырзахметовтың «Алғыс хатымен» марапатталды.

САБИРОВА МАЙРА 4

   2017 жылы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастырумен өткен «Қалдықтардың екінші өмірі» қолдан жасалған бұйымдар конкурсынан оқушысы Е.Бекбай ІІ орын иеленсе, жетістіктерімен дараланған оқушылары М.Қатапов, Е.Бекбай, Н.Болаттың есімдері Республикалық «Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқушылары Қазақстанның үміт артарлары» жинағына енді.

   2017 жылы Атырау аймақтық білім беру мекемелерінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған, заманауи озық технологияларды меңгерген ұстаз «Атырау ұстазы» танымдық жинағына және «Қазақстан мақтанышы: «білім және ғылым» биографиялық энциклопедиясына есімі енсе, осы жылы «Қазақстанның 100 әйел тұлғалары. Антология» кітабына қызметтік мінездемесі ұсынылды.

   2017 жылы Майра Тілепбергенқызының есімі республикалық «Қазақстанның мақтанышы: Білім және ғылым» атты биографиялық энциклопедияның І томында және «Қазақ кітабы» баспасынан шыққан Индер ауданы энциклопедиясында, облыстық «Атырау ұстаздары» танымдық жинағында, республикалық, облыстық аудан күндері қарсаңында жарық көрген «Исатай ауданы» шежіре кітабында шығармашылық жетістіктері жарияланды.

САБИРОВА МАЙРА 5

   2017 жыл - Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

   2016-2017 оқу жылы қорытындысымен мектеп оқушылары Г.Сансызбаева, Д.Нәсіпқалиев «Алтын белгі» белгісінің, негізгі мектепті бітірген Ә.Саламатов, А.Қайырғалиева, 2017-2018 оқу жылында негізгі мектепті бітірген Г.Сапарова, 2018-2019 оқу жылында Н.Бахтиярова А.Сағатов «Үздік аттестат», Ә.Саламатов, А.Қайырғалиева «Алтын белгі» белгісін иеленді.

   2019 жылы ҚР  Білім және Ғылым министрлігі «Алтын Глобус» Халықаралық Білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы ұйымдастырған «Алтын кітап» ІІІ республикалық энциклопедиясына есімі еніп, білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін, кәсіби саласында жеткен нәтижелі жетістіктері үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

   2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

         2019 жылы жаңартылған бағдарлама аясында дайындалған үздік сабақтары республикалық ғылыми-әдістемелік «Математика Қазақстан мектебінде», «Мұғалім KZ» журналдарында жарияланып, арнайы сертификатқа ие болды.

   Әріптесіміз Майра ханымның еңбек жолы туралы баяндай келіп түйгеніміз, Майра Тілепбергенқызы жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаз, мектеп басшысы ғана емес, еңбегімен елге сыйлы жан.

                                          

                                      

                              Өтеген Ихсанұлы, тарих ғылымдарының кандидаты,

                             Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік 

                                      педагогикалық университтеттің профессоры