БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

   Қазіргі уақытта оқу бағдарламаларын жобалау орталығы, дүниежүзілік экономикалық форумы, экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы  сияқты беделді ұйымдары дербес зерттеулер негізінде қоғам өмірінің өзгеруіне елеулі дәрежеде әсер ететін бірнеше әлемдік тенденциялардың ықпалын анықтайды. Олардың ішіндегі ең басты және жиі кездесетін үрдістер: біріншіден, өмір сүру және әлем жағдайының өзгеруінің өте жылдам қарқынмен жүруі. Екіншіден, технологиялар мен қоғамның тұрақты және үздіксіз дамуы айтарлықтай дәрежеде кәсіби саланың өзгеруін анықтауда. Осыған сәйкес бұл үрдістер болып жатқан өзгерістер контекстінде адамдардың тиімді қызмет етуіне қажетті сапасына талаптар қоюда, бұл ең алдымен, икемді дағдылармен (soft skills) сипатталады.

   Әлеуметтік немесе икемді  дағдыларға деген қажеттіліктің артуын ең алдымен, бүгінгі күні экономика мен еңбек нарықтарының кірігуінің ұлғаюымен, әлеуметтік және мәдениетаралық дағдыларды меңгерген құзыретті қызметкерлерге сұраныстың артуымен түсіндіруге болады. Әлемдік экономикалар өзара байланысты болғандықтан, көптеген тілдік және мәдениетаралық дағдылар жаһандық ауқымда үлкен мәнге ие болуда. Сол себепті де бұл дағдыларды дамыту – қазіргі білім берудегі тренд болумен қатар, оның құрылымдық мазмұнын  пысықтауды да талап етуде.

   «Икемді дағдылар» - салыстырмалы түрде жаңа термин (бұл дағдылар жұмсақ немесе өтпелі деп те аталады). Бітірушінің біліктілігі мен кәсіби құзыреттеріне тікелей қатысы бар «қатты дағдылардан» айырмашылығы, икемді дағдылар әмбебап, мамандандырылған емес және көбінесе жеке қасиеттері мен әлеуметтік дағдыларымен байланысты. Қазіргі күні икемді  дағдылар жоғары оқу орындарының түлектері мен жас ғалымдардың табысты кәсіби және ғылыми, өмірлік бейімделуіне жауап беруге бағытталған.

   Бүгінгі таңда әлемдік үрдістерге байланысты кәсіби сала да сапалы деңгейде өзгерістер орын алуда. Жұмыс берушілер мамандардан  олардың тез өзгеретін жағдайларға бейімделуіне  және кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға көмектесетін жақсы дамыған икемді дағдыларды (soft skills)  талап етуде. Т.А. Яркова, И. И. Черкасова бұл дағдылар маңызды білім беру нәтижесі болып табылатынына баса назар аударады, сондықтан олардың білім беру процесі шеңберінде мақсатты дамуын ұйымдастыру қажет деп тұжырымдайды. Д.Татаурщикованың пікірінше, маман мансаптық сатымен көтеірілген сайын, икемді дағдыларды (soft skills) көп мөлшерде өз қызметінде пайдалана бастайды және кәсіби дағдылар – hard kills-бұрынғыдай маңызды болмайды.

   Шетелдік ғалымдардың басым көпшілігі икемді дағдыларды кейбір жеке қасиеттер  тобы, дағдылар, эмоциялық интеллект, жеке басының атрибуттары және т.б. жиынтығы  ретінде кеңінен қарастырады. Оның ішінде skills  кәсіби қызмет үшін маңызды әмбебап дағдылар ретінде анықталады және толық мазмұнын келесі кестеден көре аламыз (кесте 1).   

 

Кесте 1-  Икемді дағдыларға берілген сипаттама мазмұны (soft skills)

 

 Авторлар

Анықтама мазмұны

1

Л. К. Раицкая,

Е. В. Тихонова

soft skills - кәсіби құзыреттілікті тиімді іске асыру үшін еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби емес дағдылар, жеке қасиеттер мен атрибуттар жиынтығы

2

Л. К. Сальная

soft skills - жеке тұлғаның басқа компоненттерін қолданады: «маманға кәсіби табысқа жетуге мүмкіндік беретін белгілі бір жеке қасиеттердің, эмоционалдық интеллектінің, коммуникативтік құзыреттіліктің ұштасуы. Ол адамға жұмыс орнында пайда болған жағдайларды тиімді шешуге көмектесу  және оның жұмысқа орналасу аумағын кеңейту басымдылығына ие».

3

L. H. Lippman, R.Ryberg, R. Carney, А. Kristin

soft skills - бірнеше басқа, көп көлемді жеке тұлғаның компоненттерінің жиынтығы, яғни адамдарға олардың ортасында тиімді бағдарлауға, басқалармен жұмыс істеуге, өз жұмысын тиімді орындауға, сондай-ақ өз мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін дағдылардың, құзыреттіліктің, мінез-құлықтың, қондырғылардың, жеке қасиеттердің кең жиынтығы

4

E. Dall’Amico, S. Verona

soft skills - ерекше  емес және жеке қасиеттері мен қондырғыларымен (сенімділік, тәртіп, өзін-өзі басқару), әлеуметтік (коммуникация, командада жұмыс істеу, эмоциялық интеллект) және басқару қабілеттерімен (тайм-менеджмент, мәселелерді шешу,сыни ойлау) тығыз байланысты

5

В. Шипилов

soft skills - көптеген өмірлік жағдайларда адамға қажет және пайдалы болуы мүмкін әлеуметтік-психологиялық дағдылар

6

 А. Яркова,

.И.Черкасова

Soft skills келесі түрде сипаттайды: бұл кәсіби салаға немесе мамандыққа қарамастан адамдардың табысты кәсіби және өмірлік өзін-өзі анықтауы үшін маңызды және қажетті әмбебап дағдылар

 

   Қарастырылған анықтамалардың негізінде келесі soft skills сипаттамаларын бөлуге болады:

- Soft skills-бұл жай ғана дағдылар емес, өмірде де, кәсіби қызметте де кәсіби тұрғыда және өмірде жүзеге асыру мен дамуға байланысты қасиеттердің кең жиынтығы (жеке қасиеттер, зияткерлік ерекшеліктер, қондырғылар, дағдылар және т.б.).

- Soft skills жеке қасиеттер, әмбебап дағдылар, адам қызметінің тиімділігіне әсер ететін кәсіби емес және жүре қалыптасатын дағдылар деп түсініледі.

- Олар кәсіби қызметтің ерекшелігіне байланысты емес, яғни soft skills кәсіби қызметтің түрлі түрлеріне ортақ.

   М. Э. Волкова олар тек өмірлік жағдайларда ғана қажет емес, сонымен қатар кез келген маманның қызметі үшін маңызды дей келе, «soft skills коммуникативтік, көшбасшылық, командалық жұмыс, қажетық, көпшілік алдында сөйлеу, «ойлау» және басқа да» [1] бөледі. Ол тек кәсіби дағдыларды меңгеру маманға өзін толық көлемде жүзеге асыруға көмектеспейтіндігін, және жақсы дамыған soft skills қажеттігін айтады.

   Шетелдік ғалымдар L. H. Lippman, R. Ryberg және т. б. өз жұмыстарында «soft skills» ұғымын анықтау кезінде олардың мақсаттары мен маңызына назар аударады – адамға неге және не үшін қажеттігін біріншіден,  жұмыста және өмірде табысқа жетуге мүмкіндік беретіндігімен; екіншіден, кәсіби өзін анықтаумен, дамытумен, проблемаларды шешумен байланысты кең мазмұндағы міндеттерді шешуде қолданылатындығымен, сонымен қатар жұмыс берушілер тарапынан аса бағалайтындығымен түсіндіріледі.

   Әлеуметтік дағдыларды дәстүрлі практикамен салыстырсақ, ол ең алдымен, әрекеттік маңызды сапалармен ұштастырылады. Өйткені әрекеттік  маңызды сапалар – бұл «кәсіби маманның іске асыратын қызмет түрлері мен нысандарының тиімділігіне әсер ететін және олар арқылы көрініс табатын  индивидтің сапасы» [7, c. 28]. Міндет тұрғысынан маман екі топтағы міндеттерді шешеді: кәсіби және жеке кәсіби қалыптасу және жүзеге асыру міндеттері. Осыған сәйкес адам қызметтің екі түрін жүзеге асыра алады – кәсіби және метакәсіби.

   Кәсіби қызмет келесі міндеттерді шешуге бағытталған: тұтыну құнын құру және алу, еңбек субъектісінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ кәсіби маманды дамыту, жетілдіру.

Метакәсіби қызмет жеке тұлға мен кәсіби маманның қызметін қалыптастыруға, дамытуға және іске асыруға бағытталған. Ол екі міндетті шешуді қамтиды [9]: кәсіби даму (кәсіби қабілеттілікті дамыту, мотивация және т. б.) және мансаптық даму (әлеуметтік-кәсіби мәртебені өсіру және сақтау.

   Икемді дағдылар  мазмұны мен түрлерін талдауға сүйенсек,  олар жалпы кәсіби маңызды қасиеттер тобына да, ал олардың кейбірі метакәсіби (өзіндік дамуды басқарумен байланысты сапалар) қатарына да ене алады. Өйткені егер  икемді дағдыларды міндеттер тұрғысынан қарайтын болсақ, олар кәсіби қызметтің жалпы міндеттерін шешеді, сондықтан да әрекеттік маңызды сапалар қатарына жатады. Бұған қоса, адамның даму және оқыту процесінде алған білімі, біліктілігі, қабілеті және жеке қасиеттері-бұл құзырет негізінде қалыптасатын маңызды шарттар. Сол себепті бұл  тұрғыдан икемді дағдылар құзыреттілік компоненті бола алады деген көзқарастар да орын алуда.

   Енді икемді дағдыларды топтау түрлеріне тоқталсақ, зерттеуші ғалымдардың түрлі көзқарастарын көре аламыз:

1) В. Шипилов soft skills келесі топтарға бөледі:

- базалық коммуникативтік дағдылар – командалық жұмыс, келіссөздер жүргізу, өзін-өзі таныстыру, презентациялар өткізу, сатудың базалық дағдылары,көпшілік алдында сөйлеу, нәтижеге бағытталуы, іскерлік хат, клиентке бағдарлануы.

-Self – менеджмент дағдылары-эмоцияларды басқару, күйзелісті басқару, өз дамуын басқару, жоспарлау және мақсатты болжау, тайм-менеджмент, энергия, ынта, бастамашылық, табандылық, рефлексия, кері байланысты пайдалану.

– тиімді ойлау дағдысы-жүйелі ойлау, креативті ойлау, құрылымдық ойлау, логикалық ойлау, ақпаратты іздеу және талдау, шешімдерді әзірлеу және қабылдау, жобалық ойлау, тактикалық және стратегиялық ойлау.

– Басқарушылық дағдылар – орындауды басқару, жоспарлау, қызметкерлерге міндеттер қою, мотивациялау, міндеттерді іске асыруды бақылау, тәлімгерлік (қызметкерлерді дамыту) - менторинг, коучинг, ахуалдық басшылық және көшбасшылық, кеңестер жүргізу, кері байланыс беру, Жобаларды басқару, жіберу [20]. 

2) А. Э. Цымбалюк [17]   Drew C. Appleby [23] ұсынған топтамаға сәйкес soft skills жіктемесін келесі мазмұнда ұсынады:

- Мотивация және адалдық (Motivation and Commitment).

- Бастамашылық, білуге құмарлық (Enthusiasm).

− Aмбицалар (Ambition).

- Мақсаттар (Goals).

- Таланттар (Talents).

- Қатысу (Attendance).

- Дайындық (Preparation).

- Тұлғааралық өзара іс-әрекет дағдылары

(Interpersonal Skills).

- Ойлау дағдылары (Thinking Skills).

3) : Цымбалюк А. Э., Виноградова В. О.  Келесі мазмұнда топтайды:

Soft skills, адамның өзіне бағытталған: өз эмоцияларын басқару, өз дамуын басқару, өзін-өзі оқыту, өзін-өзі реттеу және т. б.

- Басқа адамдарға бағытталған Soft skills:

коммуникативтік дағдылар, командалық жұмыс және көшбасшылық дағдылары, келіссөздер жүргізу,эмпатия және т. б.

- Soft skills, Жалпы кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың кең дағдылары  (сыни, стратегиялық, жүйелі және т.б.), мәселелерді шешу, жауапкершілік, шешім қабылдау, бейімділік, орындаушылық және т. б.

Сонымен қатар, авторлар, soft skills – бұл кәсіби қызметтің ерекшелігіне тәуелді емес, бірақ жалпы кәсіби және метапрофиялық міндеттерді шешуге байланысты оның тиімділігіне әсер ететін әрекеттік маңызды сапалар деген анықтамасын ұсынады.

4) С.Н. Бацунов бастаған  ғалымдар төрт топқа  жіктейді:

- адамдармен қарым-қатынастың дамуына ықпал ететін, сөйлесуді қолдауға, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде сыни жағдайларда өзін тиімді ұстауға көмектесетін базалық коммуникативтік дағдылар немесе коммуникативтік сауаттылық (тыңдау, сендіру және дәлелдей білу, келіссөздер жүргізу, презентациялар өткізу, көпшілік алдында сөйлеу, өзін-өзі таныстыру, командалық жұмыс, нәтижеге бағытталу, іскерлік хат және т. б.);

- өз жағдайын, уақытын, процестерін тиімді бақылауға көмектесетін self-менеджмент дағдылары (эмоцияларды, стрессті, өз дамуын басқару, жоспарлау және мақсатты болжау, тайм-менеджмент, энергия, энтузиазм, бастамашылдық, табандылық, рефлексия, кері байланысты пайдалану);

- өз өмірі мен жұмысын жүйелі түрде жүйелі жасауға көмектесетін, санадағы процесті басқаруға жауапты тиімді ойлау немесе интеллектуалдық ойлау дағдылары (жүйелі, креативті, құрылымдық ойлау, ақпаратты іздеу және талдау, шешімдерді әзірлеу және қабылдау);

- басқару дағдылары немесе форсайт-басқару (орындауды басқару, жоспарлау, міндеттерді қою, уәждеу, міндеттерді іске асыруды бақылау, жобаларды, өзгерістерді басқару), олар жоспарлауға, уәждеуге, өз өзгерістерін және т. б. басқаруға жауап береді.

   С.Н. Бацунов зерттеу жұмысы негізінде оқытудың дәстүрлі әдістері (дәрістер, семинарлар) дағдыларды дамытуда тиімділігі төмендігін, ал оқытудың белсенді және инновациялық әдістерінің (кейстер, имитация және жобалар) «икемді» дағдылардың тиімді дамитындығын анықтайды. Әсіресе, тіл сабақтарында, оның ішінде шет тілі сабағында тапсырмалардың диалогтық формаларын қосу; кәсіби және жай ғана табысты адамдардың өмірінен үлгілік бейнематериалдарды пайдалану; мансапқа байланысты лексиканы, тайм-менеджмент, тұлғалық өсу туралы қызықты ақпаратты қамтитын мәтіндерді қосу; кәсіби коммуникация дағдыларын модельдеу: баяндамамен сөз сөйлеу,  мақалалар жазу және т.б. [12]. Әсіресе, қашанда да өзектілігін жоғалтпаған көпшілік алдында сөз сөйлеу - өзінің зерттеу нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсынудың және ынтымақтастыққа дайындығын көрсетуге мүмкіндік беретін тиімді формалардың бірі. Тіл сабақтарында сөйлеу дағдысы ғана дамымайды; мұнда шешендік өнерді, дене тілін, ынта-жігерді көрсете білу, аудиторияның назарын аудара білумен қатар, тек мамандарға ғана емес, барлық мүдделі тұлғаларға қызықты және түсінікті болатындай етіп сөз сөйлеу мәтінін құрастыру дағдыларын дамытуға болатығын баса көрсетеді. Біздіңше, бүнлағы басты тиімділік – бұл екі лингвомәдениетте жұмыс істей алуы, яғни ой-өрісі мен толеренттылығын дамыту мүмкіндігі.

   Біздің пікірімізше, қай қоғамда да әлеуметтік дағдылардың басты басымды жағын коммуникативтік дағдылар немесе қарым-қатынас дағдылары құрайтындығы белгілі. Ол қазіргі таңда әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылған және ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздеген кезенде де өз құндылығын жойған жоқ. Бұған қоса, көптеген кәсіптердің (әсіресе «адам-адам» тобы) профессиограммасында еңбек нарығында жас мамандардың сұранысқа ие болуының басты критерийлерінің біріне айналып отыр. Осыған орай, тіпті қарапайым кәсіби білімі болғанымен, дамыған әлеуметтік дағдылары бар түлектердің табысты жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болуда. Көптеген жұмыс берушілер кәсіби құзыреттілікті жас маманның нақты лауазымдық міндеттеріне бағдарлай отырып, жетілдіру оңай деп екендігін, ал әлеуметтік дағдылары университетті аяқтаған кезде  жеткілікті дамымаса үлкен кедергі бола алатындығын баса көрсетуде.  Бұнда ең бастысы прагматикалық тұрғыдан мән беру маңызды, яғни қарым-қатынас жасай алмайтын жас келешекте өзінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тиімді коммуникатор бола алмауы мүмкін екендігін түсінуі.

   Қорыта келе және жоғарыда ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына сүйене отырып, келесі тұжырым жасай аламыз:

    1 Soft skills - бұл дағдылардың синонимі емес, одан да кең ұғым болып табылады.

   2 Soft skills  жеке қасиеттер, зияткерлік ерекшеліктер, әлеуметтік-психологиялық дағдылар, әмбебап дағдылар, кәсіби емес және жүре пайда болатын дағдылардың   сипаттамалардың  жиынтығы арқылы түсініледі

   3 Soft Skills тұлғаның кәсіби,  әлеуметтік, жеке өмірлік қызметі тиімділігіне әсері мол.

   4 кәсіби қызметтің ерекшелігіне байланысты емес, әр түрлі кәсіби қызмет түрлеріне бірдей болып табылады.

   5 Білім алушылардың икемді дағдыларын қалыптастыру және дамыту –бүгінгі күн талабы сұранысы мен тез өзгермелі қоғам жағдайында бейімдеудің басты көрсеткіші.

 

Әдебиеттер:

 

1) Ермаков Д. С., Аамантай Ж.А., Иизучение и развитие «гибких» навыков как психолого-педагогическая проблема. материалы Международной научно-практической конференции «Образование и психолого-педагогическая наука: системность, преемственность, инновационность», посвященной 110-летию со дня рождения академика Т.Т.Тажибаева – алматы: казахский университет, 2020. – С.17-19. 

2) Цымбалюк А.Э., Виноградова В.О. Психологическое содержание soft skills //Ярославский педагогический вестник. – 2019 – № 6 (111). – с. 120-127.

3) Л.Р.Газизулина. Развитие мягких навыков в ходе иноязычной подготовки аспирантов .вестник нижегородского университета им. н.и. лобачевского. серия: социальные науки, 2019, № 4 (56), С. 275–279

4) К.С.Еремеев. Направления совершенствования воспитательной работы со студентами в условиях цифровой трансформации общества

 

 

Сардарова Ж.И., п.ғ.д., доцент

 «Өрлеу» БАҰО АҚФ ББЖҚБАРИ

Теги ИкемдідағдарысТайсойғансайтыСайтТайсойган